ДК: Ұлттық бірыңғай тестілеуге тағы да өзгерістер еңгізілді. Енді емтихандағы мәтіндік сұрақтардың саны артпақ. «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндеріндегі тест саны мен құрылымы өзгермек. Бұл туралы өңір түлектерімен кездескен Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.
РКС: Тестілеудегі 3 негізгі және бір бейінді пәндерге еш өзгеріс еңгізілген жоқ. Тек оқу сауаттылығындағы 20 сұрақ 15-ке қысқарды. Ал, Қазақстан тарихы пәнінде керісінше 15 сұраққа тағы 5 сауал қосылды. Ал, осы сұрақтардың дені мәтіндік форматта ұсынылмақ.
СНХ:РУСЛАН ЕМЕЛБАЕВ, ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазақстан тарихына мәтінді сұрақтар еңгізіп отырмыз. Бұл жанағы балалардың оқу бағдарламаларына, білім мазмұнына сәйкес келеді. Мән-мәтінді сұрақ дегенініміз бұл белгілі бір тарихи оқиға, немесе тарихи тұлғаға қатысты бір мәтін болады. Немесе диаграма, карта болады. Бүкіл мәлімет баланың көз алдында.
РКС: Шаһардағы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде түлектермен кездескен орталық директоры осы өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді. Бұдан бөлек, ол ақпараттық саланы таңдайтын талапкерлерге де басқа талап қойылатынын атап өтті.
СНХ: РУСЛАН ЕМЕЛБАЕВ, ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ақпаратттық технология, аити саласы бойынша баратын талапкерлер осыдан былай математика, физика комбинациясы емес математика, информатика комбинациясында тапсыратын болды. Бұл енді негізгі бағыты ақпарттық технология, ақпарттық қауіпсіздік, информатика пәнінің мамандығын таңдағандарға қатысты болмақ.
РКС: ҰБТ-ны өткізу қағидаты бәз-баяғы қалыпта қалмақ. Яғни 1 компютер, 2 камера және 1 тестілеуші. Қазіргі таңда өңірде тестілеуге қатысуға өтінімдер әлі де түсіп жатыр дейді жергілікті мамандар. Сол себепті талапкерлердің санын дөп басып айта алмай отыр.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»