ДК: Қазіргі таңда қолөнер саласы жанданып, өз жалғасын табуда. Ал оған қызығушылық танытқан жасөспірімдер саны артып келеді. Облыс орталығында балаларға арналған ағаш ою үйірмесі бар. Ол жерде ынтасы барларға қолөнер сырын түсіндіріп, үйретеді.
РКС: Дәстүрлі ағаш ою өнері халқымыздың заттық және рухани мәдениетінің негізгі. Ағаш ою- кәделік ағаштың бетін ұңғитын аспаптардың көмегімен ағашты кертіп, өрнекті бедер салу тәсілі. Аталған өнерді үйренемін деген адамның бойында табиғи ептілік болуы керек дейді үйірме жетекшісі. Сондай-ақ, ұзақ уақыт пен зор шыдамдылықты қажет ететінін айтты. Ағашты көркемдеп өңдеу шеберлігін Олжас Ахметов үйретеді. Ұста шеберлікке ынтызар жастар қатарының көбеюі қуантатынын айтты.
СНХ: ОЛЖАС АХМЕТОВ, АҒАШ ОЮ ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бұл жерде оқушылар бірінші кезекте теориялық әдісті үйренеді. Осыдан кейін ғана бұйымды қолмен жасауға көшеді. Әрине, ең алдымен ескеретін жайт ол- қауіпсіздік ережесі. Ақпаратты толық меңгерген оқушы материалды станоктарда өңдеуге көшеді. Ересек топ тек таза ағаш өңдеумен айналысады. Олар жалпақ рельефті, ойық, ажурлы оюларды ағашқа салумен айналысады.
РКС: Бұл үйірмеде оқушыларды шеберлікке, шыдамдылық пен іскерлікке баулиды. Оқушылар ағаштың түрлерімен, олардың ерекшелік, қасиеттерімен, жұмыс орнын қалай жабдықтау керектігін үйренеді. Сонымен қатар ағаш ойып, одан бұйым жасау шеберлігін меңгереді.
СНХ: МЕЙРАМ ИМАНҚҰЛОВ, АҒАШ ОЮ ҮЙІРМЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫ: Осы үйірмеге бір жылдан астам уақыт қатысып келемін. Негізі ағаш өңдеумен бұрыннан қызығамын. Біліктілігімді арттыру мақсатында осында жазылдым. Осы уақыт аралығында жасаған өнімдер көп. Бірақ ең есте қалғаны ол-жалқау орындық. Яғни, ілгіш. Оны 3 аптада жасадым. Алдымен қажетті жабдықтарды тауып, ағашты өңдеуге көштім. Болашақта бұл істі өзімнің мамандығыма айналдырғым келеді. Жиһаз жасап, балаларды қолөнерге үйрету арманымда бар.
РКС: Жас жеткіншектер қолөнерді жақсылап меңгеруге ұмтылуда. Уақыт өткен сайын жас шеберлердің бұйымдары көркемделіп келеді. Алдағы уақытта облыстық жарысқа дайындалып жатыр. Конкурста көрсететін туындыны да таныстырды.
АИДА ХАМИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ