ДК: «Шоқан жолдары» қоғамдық бірлестігінің 10 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Толығырақ бейнематериалда.
РКС: Бір қарағанда Шоқан туралы көп мағлұматтардан деректер баршылық. Ол бар жоғы отыз жылдық өмірінде Орта Азия халықтарының өмірін, Қазақстан халқының тарихын, тұрмыс-тіршілігін зерттеу ісінде баға жетпес құнды еңбектер қалдырғаны баршаға мәлім. Олар бүгінде өзінің тарихи мәнін әлі жойған жоқ. Тасқын Жармұхамит «Шоқан ізімен» атты симфониялық поэманың авторы.
СНХ: ТАСҚЫН ЖАРМҰХАМИТ, «ШОҚАН ІЗІМЕН» АТТЫ СИМФОНИЯЛЫҚ ПОЭМАНЫҢ АВТОРЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ: Ресейде халықаралық конкурста «Шоқан ізімен» атты симфониялық поэманы орындадық. Екінші орын жеңімпазы аттандық. Жалпы, қазақ халқы Шоқанмен мақтанамыз. Бала кезден, ата-анамның аузынан Шоқан, есімін жие естіп өскенбіз.Өсіп ержеткен соң, Шоқан туралы мағлұматтарды іздеп, зерттеп оқыдым. Ыстық көлде жүріп «Манас» туралы жазғаны, көне жазбаларын көзге елестетіп, симфония көз алдыма келді.
РКС: Шоқан Уәлихановтың жүрген жерлеріне барып, сызбаларын зерттеп, арнайы экспедициясын дәстүрге айналдырған «Шоқан жолдары» қоғамдық бірлестіктің төрағасы Раушан Иманжүсіп сөз сөйледі
СНХ: РАУШАН ИМАНЖҮСІП, «ШОҚАН ЖОЛДАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Әр жылда біз экспедицияға шығамыз. Шілде мен тамыз айында экспедицияға жиналамыз. Кітабындағы сызба деректерге сай жерлерді көзбен көріп, барып, зерттеп дегендей. Сонымен қатар, Баян сұлу мен Қозы көрпештің зиратына барған етінбіз. Жетісу жерлеріне де бардық.Екі кітап жаздық экспедиция бойынша.Барлық материалдарды жинадық,
ИНТЕРШУМ: Қобыз
РКС: Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы атап өткендей, Шоқанды біз әлемдік деңгейге жеткізуіміз керек –деген. Осы бағытта «Шоқан жолдары» қоғамдық бірлестіктің мүшелері жұмыс істеуде. Сонымен қатар, арнайы шақырылған қонақтардың бірі «Шабыт» Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Раушан Мұсаходжаева.
СНХ: РАУШАН МҰСАХОДЖАЕВА, «ШАБЫТ» ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ: Шоқан Уәлиханов атамыздың ескерткішіне гүл шоғын қойдық, тұлғалардың ізімен атты іс-шараларымыздың бірі С.Сейфуллин музейінде болды, ал екінші кездесуіміз осы жерге жолымыз түсті. Бүгін Серпін колледж оқушылары келді. Ұмытылған қобыздың жетігенді жаңғырту мақсатымыз.
ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ