ДИКТОР: Облыс бойынша сөйлеу қабілеті нашар дамыған 500 мыңнан астам бала бар. Ал, ерекше білім беру қажеттілігі бар 10 мыңға жуық балғын тіркелген. Статистикалық деректерге сүйенсек, өкінішке орай жыл санап  осы санаттағы балалар саны артып келеді. 

РКС:Өңірде сөйлеу қабілеті бұзылған балалар саны 5 мыңнана асады. 3 мыңнан астам балғын  психикалық дамудың кешеуілдеуіне шалдықса, 1 мыңға жуық баланың ақыл-ой кемістігі  бұзылған.

СНХ: ӘЛИЯ РАҚЫМБЕКОВА, «ЕРЕКШЕ ӨМІР» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Себептер әртүрлі болуы мүмкін. Жатырішілік дамумен байланысты да болады.  Босану процесінің өзі үлкен рөл атқарады.  Егер баланың гипоксиясы, кіндігі, асфиксиясына зақым келсе, аяғы осындай дерттерге әкелуі мүмкін.
 
РКС:Инклюзивті білім беру барысында 2014 жылы үйлестіру кеңесі құрылды. Барлық деңгейлер бойынша 7 білім беру ұйымы бар. Облыстық ресурстық орталықтар және инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша 50 тірек ұйым анықталды.
 
СНХ: ӘЛИЯ РАҚЫМБЕКОВА, «ЕРЕКШЕ ӨМІР» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Орталықта ең алдымен аутизм, психо-сөйлеу дамуы тежелген, интеллектісі бұзылған балалармен жұмыс істейміз. Біз өз жұмысымызға өте жан-жақты қараймыз. Яғни  тек логопедтер мен психологтар мамандығы ғана емес, сонымен қатар акупунктура әдістемесі, сенсорлық интеграция, бейімделгіш физикалық спорт және жақында бассейн бар. 
 
РКС:Биыл балаларды әлеуметтік қолдау шаралары Үкіметтік емес ұйымдардың араласуымен 35,5 млн. теңгеге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы іске асырылады. 

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ,  ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ.