ДИКТОР: Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы мен саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелген «Егемендік туралы» декларацияның мәні мен маңызы зор. Республика күні қарсаңында зиялы қауым өкілдері мен Ш.Уәлиханов атындағы университетінің оқытушылық-профессорлық құрамы бас қосып, мемлекеттің мерекенің мазмұны жайында семинар өткізді. Әріптесім Жанерке Төлен пікір алмасу алаңындағы кездесуге қатысып қайтты.
РКС: Патриотизмге, ұлтжандылыққа баулу осы Республика күнінің танымалдылығын арттыру басты мақсат-дейді Марат Өтегенов.
СНХ: МАРАТ ӨТЕГЕНОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Республика күні маңызы зор айырықша мереке. Ата-бабаларымыздың көптен күткен, тәуелсіздікпен бірге жаңғырған «Егемендік туралы декларацияның» қабылдаған күнін атап өту, ол ең алдымен мемлекеттік парызымыз.
СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Мемлекетіміздің іргетасы декларациядан бастау алады. Егемендік, тәуелсіздік,осы мерекенің алатын орны ерекше. Дөңгелек үстелде көтеретін мәселелердің бірі, егемендік туралы,қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі, конституциялық реформалар, жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді тәрбиелеу.
РКС: Ел тәуелсіздігі мен демократиясының құндылығын өскелең ұрпаққа түсіндіру аса маңызды факторлардың бірі. Семинарға ұстаз қауымы, қоғам белсенділері, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері мен өлкетанушылар қатысты.
ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ,ТЕМІРЛАН САЛИМОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»