ДК: Жеңіл ақша. Қоғамда кеңінен жайылған ауқымды мәселе. Қаланың аялдамалары мен көшелері “Жұмысқа тәжірибесіз аламыз, жалақысы жоғары” сынды хабарландыруға толы. Онымен қоймай, интернет кеңістігінде де шындыққа сәйкес келмейтін жарнамалар жиілеп кетті. Осы тұста, қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады? Олардың жүйесі қандай? Толық бейнематериалда.

РКС: Қазіргі таңда Көкшетау қалсында жұмыссыздар саны 3 мыңға жуық. Жан-жақты жұмыс іздеу барысында адамдар желілік маркетингтің жалған жарнамасына алданып қалады. Ал қоғамда алаяқтық фактордың алуан түрі таралған. Оның бірі Tiens Group. Ол 1995 жылы Қытайда құрылған. Тауарларды сату «кеңсе-қойма» жүйесі арқылы жүзеге асады. 

ШУМ: 
-          Бұл көтерме сауда компаниясы. Біз өнімді әрі қарай дамытумен айналысамыз. Бұл жерде сіз іс қағаздармен айналысасыз. Келісім-шарт жасап, клиенттермен  жұмыс істейсіз. Біз барлығын көрсетіп, үйретеміз.
-          Жұмысқа тұру үшін белгілі бір сомаға тауар сатып алу қажет пе?
-          Ондай қажеттілік жоқ. Өз қалауыңызға байланысты. Мысалы мен біздің өніммен қолданамын. 
ШУМ: -оптово-коммерческая компания, занимается продвижением товара. У нас крупные оптовики, работа будет с документацией, вы будете работать с договорами и работать с клиентами, этому всему обучу,  и еще будете работать с нашими сотрудниками.
- Для того, чтобы устроится к вам на работу не обязательно приобретать товар на определенную сумму?
- Нет, нет девушка. Я например пользуюсь косметикой, хотите берите, хотите нет.
РКС: Жарнамаға сеніп келген адамға көлемді табыс, үлкен мәртебе уәде береді. Дегенімен, қызметте әрі қарай көтерілу үшін өз қаражатын инвестициялау қажеттілігін жасырады. Міндетті шарттың бірі- компания өнімін сатып алу. Ол мансаптық өсу үшін жасалған.
СНХ: МАКСИМ ПАХНО, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫТауарды тарататын және сататын кез келген компанияның әрекетінде қылмыс құрамы жоқ. Егер олар жарнамалайтын өнімді шынымен сатса. Азаматтарға ескертетінім, жұмысқа тұрар алдында жұмыс берушімен келісім-шарт жасау керек. Компания туралы толық деректі біліп алу қажет. Қай жерде орналасқанын, не істейтінін анықтап шығу керек. 

РКС: Өткен жылы Алматыда «Тяньши» компаниясынан үш әйел зардап шекті. Олар кәсіпке 15 миллион теңгеге жуық қаржы салды. Нәтижесінде тауар мен ақшасыз қалды. Ресми мәлімет бойынша, бүгінде Ақмола облысында зардап шеккендер жоқ.

АИДА ХАМИТОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ