ДК: Қазіргі таңда Ақмола өңірінде 15 мыңға тарта, облыс орталығында үш мыңға жуық татар мен башқұрт өкілі тұрады. Қадірлі және  қасиетті қазақ жерін мекендеген жергілікті ұлтпен татар, башқұрт ұлыстарының ауызбірлігі жарасып, бейбіт өмір сүруде. Күз мезгілінде айрықша атап өтетін «Чак-Чак» мерекесі. Іс- шараға, Астана, Степногорск қалаларынан, әр ауданнан жиналған татарлар мен башқұрттар бас қосты. Толығырақ әріптесіміз Жанерке Төлен баяндайды.
 
РКС: Сабантойдың басты мақсаты егемен елде барлық ұлт пен ұлысты бірлікке, ізгілікке шақыру, мәдениетті нығайту. Татар-башқұрт халқының ас мәзірі қазақтың ұлттық тағамдарына ұқсас. Олар да ет пен сүтті молынан  пайдаланады.  Сонымен қатар, шәйқұмар халық. Шайға, айранға арнайы бауырсақ пен тоқаш пісіреді. 
СНХ:. РАФАИЛ СУЛЬКАРНАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ТАТАР ЖӘНЕ БАШҚҰРТ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:  2008 жылы Татар жастары өзінің қатарластарына, егін алқабына байланысты және күздің байлығын көрсететін «Чак-Чак» байрамын атап өтсек деген ұсыныс жасаған. Біз 2015 жылы ең алғаш болып осы мерекені атап өттік. Ең алдымен татуластықты, бірлікті, осы күз мезгілінің байлығын көрсететін керемет мерекелік іс-шараны дүркіретіп өткіздік. Өкінішке орай, соңғы 2 жыл пандемияның салдарынан өткізуге мүмкіндік болмады, Ал биыл қайтадан  жаңғыртып жатырмыз. Бұл мерекеге Астана, Степногорск қалаларынан, әр ауданнан жиналған татарлар мен башқұрттар бас қосуда. Бұл тек ән мен би ғана емес, сонымен қатар аспаздық шеберлігін, дастарханның мәдениетін көрсететін «Аспазшы-Татарка» деген байқау жарияладық. Жеңімпаздарға Көкшетау қаласы әкімінің сыйлығы және Алғыс хаты табысталды.

РКС: Қазағымыз ет, бауырсағымен танымал болса, Татар мен Башқұрттар  «Бәліш» пісіреді –дейді, қатысушылар.

СНХ: ЗЕМФИРА НИЗАМУТДИНОВА, САБАНТОЙҒА ҚАТЫСУШЫ: Дастарханның басы «Бәліш» тағамы. Татарлар мен Башқұрттар Бәлішімен танымал.Құрметті қонақтарға дайындаймыз. 

СНХ: РАИЛЯ ДАУТОВА, САБАНТОЙҒА ҚАТЫСУШЫБарлығын құттықтаймын, бүгінгі қуанышты мереке баршаңызға бақыт денсаулық әкелсін. Барлық егіндерімізді жинап алдық.Күздің байлығы осы мереке.

СНХ: ГАУХАР АМИНОВА, САБАНТОЙҒА ҚАТЫСУШЫ: ЧАК-ЧАК дастарханың сәні. Бүгін жыл сайын атап өтетін дәстүріміздің тағамдарын көрсетуге келіп отырмыз.  Күз мезгілінің тамаша көрінісі, дастарханда берекелі молынан , еттен жасалған түрлі тағамдар бар.Татарлар өте дәмді дайындайды және бүгінгі дастархан бұған дәлел.

РКС: Сабантой аясында аспаздар арасында байқау ұйыймдастырылды. Бал татып, тіл үйіретін тағам дайындағандар арнайы сыйлықтармен марапатталды. 

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ