ДИКТОР: Сандықтау ауданына қарасты Спасское ауылында орналасқан мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы аймаққа жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ермек Маржықпаев айтты. Сондай-ақ, өңір басшысы аудандағы әлеуметтік нысандарға барып, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.  

РКС: Спасское ауылындағы 200 орындық мәдениет үйі 1983 жылы салынған. Бүгінде ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары қажет. Оның жобалық сметалық құжатына 105 миллион теңге бөлінген. Алайда, облыс әкімі Ермек Маржықпаев мұндай инвестицияның ақталатынына күмән келтірген. Дегенмен, мәдениет үйінің қызметкерлері барлық жұмысты бақылауға алатындарын айтты.  

ИНТЕРШУМ: Ән айту

СНХ:ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Біз келесі жылы қаржы бөлеміз. Алайда,бұл жердегі жұмыста тоқтап қалмауы қажет. Шалғай жатқан осындай елді мекендердің әлеуетін арттыруымыз керек. Бұл басты міндет.  

РКС: 30 адамға арналған қоғамдық монша осыдан 3 жыл бұрын пайдалануға берілген. Оны «Спасское-Агро» серіктестігі өз қаржысына салыпты. Бүгінде бұл ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге 20 миллион теңге бөлініп отыр. 

ИНТЕРШУМ:Монша

РКС: Былтыр облыстық бюджет есебінен негізгі мектептің шатырын жаңартуға 27 миллион теңге бөлінген. Оқу орны 200 орынға шақталған. Бірақ бүгінде онда тек 45 оқушы ғана білім алады. Оның 10-ы мектеп жанындағы шағын орталықтың тәрбиеленушісі. 

СНХ:ЕЛЕНА СУМЦОВА, СПАССКОЕ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫБірінші сыныпта-5 бала ғана бар. Қалғандарында да оқушы саны аз. 9 сыныпта оқитындар мүлдем жоқ. 11 ұстаз жұмыс істейді.   

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Тек 40-тан астам бала оқиды екен ғой. Бұл өте аз. Көбіне біз мұндай шағын жинақты мектептерді жабамыз.

РКС: Биыл Балкашино ауылдық округіне қарасты Петровка ауылында «Жабай» серіктестігінің астық қабылдайтын шағын пункті пайдалануға берілген. Жоба құны-900 миллион теңге. Облыс әкімі серіктестің директорымен кездесіп, бірқатар мәселені талқылады.  

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Мемлекеттен мұлдем қолдау жоқ дейсіздер. Алайда, бұл дұрыс емес. Себебі, бізге жыл сайын 70 миллиард теңге келеді. Бұл қаражат біреудің қалтасына кетеді деп ойласаңыздар қателесесіздер. Біз барлығын бөліп береміз. Оның ішінде қайтарылмайтын 38 миллиард теңге бар. Ол субсидия.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»