ДК: Тілдер мерекесінің онкүндігіне орай ұйымдастырылған шаралар легі қортындылануда. Кеезекті брифинг барысында  Біржан сал және Зеренді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің жетекшілері онкүндік аясында өткен шараларды мәлімдеді. Сондай-ақ, аудандағы тіл саясаты мен ономастикалық жұмыстарға тоқталды. 

РКС: Зеренділіктер биылғы тілдер мерекесін ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Түрлі форматта 150-ге жуық іс-шара ұйымдастырған. Басты басымдық ұлт ұстазы, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына түсірілген. 

СНХ: АЛМАТ БАЛТАҒАРИН, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай қазақ тілі мамандары арасында  «Ұлт ұстазы» атты аудандық байқау өткізіліп, қатысушылар жүлдері орындарға ие болып, дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, Зеренді ауданының өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері арасында «Қазақ әліпбиінің атасы» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Ал әлеуметтік желісі парақшасында Ахмет Байтұрсынұлына арналған «Ахмет атаны білесіз бе?» тақырыбында онлайн викторина өткізілді. 

РКС: Ал, Біржан сал ауданында Ахмет мұраларын насихаттау мақсатында арнайы челлендж бастау алған. Яғни, мәдениет қызметкерлері рухани көсемнің өлеңдерін оқып, әлеуметтік желілелерге жүктеген. Бұдан басқа, ономастикалық және көрнекілік мәселелерде шешімін тапқан. 

СНХ: ӘМИНА ЖАҚЫПОВА, БІРЖАН САЛ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Біз жылына 4 рет рейд жүргіземіз. Оқыту орталықтарының мамандарымен бірлесіп, көшелерді аралап, қателерді анықтаймыз. Шағын және орта бизнес өкілдеріне мараторий жарияланды ғой. Сондықтан біз ескерту ғана жасай аламыз. +скл+ Осы жылдың өзінде 15 шақты ескерту, 25 шақты әдістемелік көмек көрсетілді. 

РКС: Сонымен қатар, осы онкүндік аясында Біржан сал ауданының орталығында ашылған тарихи-өлкетану музейінің қоры толыға түскен. Айталық, аталымыш мұражайда сал Біржанның өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын 100-ге тарта жәдігер бар. Музей қорын толықтыру алдағы уақытта да жалғаса бермек. 

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»