ДК: Облыс орталығындағы 21 көше қазақшаланды. Бұдан бөлек, Красный яр бағытындағы  шағын ауданға «Құлагер» атауы ресми түрде берілді. Облыстық мәслихаттың сессиясыда қаралған ұсынысты депутаттар бір ауыздан қолдаған. Жаңа көшелерге кімнің есімі берілді? Алдағы жоспар қандай? Әріптесім Абзал Азаматұлы айтады. 


 РКС:
Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Сағадат Нұрмағанбетов, Рамазан Елебаев.  Екінші Ұлы Отан соғысында өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен даңқты жерлес батырлар. Енді шағын шаһарда осындай тау тұлғалардың есімімен аталатын көше бар.  Сондай-ақ, сал-серілердің жалғасы атанған Мұса Асайынов пен Тұрсынбек Кәкішевке де көше атауы берілді. Бұл тек ілкімді істің басы ғана. Алдағы уақытта тағы 18 көшенің атын өзгерту жоспарланған. 


 СНХ: КҮНІМ ОРАЗБАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ  БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес  идеологиялық тұрғыдан ескірген  2022-2025 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес  Көкшетау қаласының 18 көшесі мен 3 саябағы қайта атау жұмыстары бастау алды. Бүгінгі күні қалалық мәслихат сессиясында қарастырылды. Қазіргі таңда құжаттар республикалық ономастикаға дайындалып жатыр. 


 РКС:
Тіл саясатын дамыту ономастикалық шараларға барлық аудан белсене атсалысуда. Бір ғана Аршалы ауданының өзінде осы жылы 2 елдімекен, 1 ауылдық округ және 5 көше атауы қазақшаланған. 

СНХ: АБАЙ ҚАЖЕТОВ, АРШАЛЫ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Волгодон ауылы Елтоқ болып өзгертілді. Яғни тарихи атауы қайта берілді. Донеское ауылы Анаркүл ауылы болып қайта аталды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын табады.


 РКС:
Әзірге көше атауын қазақшалау бойынша Көкшетау қаласы көш бастап тұр. Бүгінде облыс орталығында 366 көше бар. Соның 280-і тарихи атауға ие болған. Бұл жалпы көрсеткіштің 70 процентін құрайды.


 АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»