ДИКТОР:Судың сапасы әрдайым бақылауда болуы тиіс. Биыл облыстық экология департаментінің қызметкерлері бірнеше рет Қылшақты өзенінің қазіргі ахуалына  байланысты тексеру жұмыстарын жүргізді. Оған тұрғындардың әлеуметтік желілерде судың сапасы сын көтермейтінің айтып, қынжылғаны себеп болған. Ал ол экологиялық Кодекс негізінде қадағаланады. Сондықтан сынақ зертханасы өзен, көлдерге мониторинг жүргізіп тұрады. 

РКС: Қандай мезгіл болмасын, өңірдегі өзен, көлдердің жағдайы әрдайым бақылауда. Мысалы жазда өзен арнасының толып кетпеуі қадағаланса, қыста оның судың қатуына байланысты жұмыс жүргізіледі. Одан басқа, облыста экологиялық мониторинг тобы да бар. Ол Шучье-Бурабай курорттық аймағындағы су айдындарын бақылайды.  

СНХ:НАДЕЖДА ГРИШКИНА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:  Бүгінде біздің филиал 34 гидрологиялық бекетте мониторинг жүргізу жұмыстары қолға алынған.  Негізінен олар Есіл, Жабай өзендерінде және Қалқутан, Балсық, Шағалалы, Жыланды, Аршалы шағын өзендерінде орналасқан. Негізінен мұндай жұмыс өңірдің барлық аудандарында қолға алынған.  Бұл бекет арқылы су деңгейін, оның температурасын әрдайым бақылауда ұстауға болады. 

РКС: Сондай-ақ, бүгінде Шучье-Бурабай курорттық аймағында орналасқан су айдындарында түптік шөгінділерді іріктеу бойынша экспедициялық бақылаулар жүріп жатыр. Гидрологиялық болжам деректеріне сүйенесек, қазіргі уақытта Есіл және Жабай өзенедерінде арнаның өсуі байқалады. Дегенмен су деңгейінің режимі орташа көпжылдық стандарттарға сәйкес келеді,-дейді сала мамандары. 

СНХ:МАРАТ ШЛЫМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЗЕРТХАНА ЖЕТЕКШІСІ: Елімізде судың сапасын экологиялық реттеу және бақылау комитеті қадағалайды. Бұл жұмыс аумақтық департаменттер арқылы жүзеге асады. Оларда сынақ зертханалары бар. Қызметкерлер бақылауды жоспардан тыс және жоспарлы тексерулер негізінде өткізеді.

РКС: Жоспардан тыс бақылау тұрғындардың өтініштері бойынша жүзеге асса,  жоспарлы тексеріс межеленген уақытта ғана өтеді. Айта кету керек, елімізде осымен 19 жыл қатарынан 18 қыркүйек күні Дүниежүзілік су мониторингі күні атап өтіледі. 

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»