ДК: Чернобыль ардагерлері №1 арнайы коррекциялық мектеп-интернатының оқушыларымен кездесті. Ардагерлер балалармен әңгімелесіп, білім ошағына қаржылай көмек ұйымдастырды.

РКС: Өңірдегі Чернобыль ардагерлер одағы бұл мектеп-интернатпен 2017 жылдан бері ынтымақтастықта. Олар 5 жыл уақыт ішінде мектептің инфрақұрылымын жаңартуға көмектесті. Ардагерлер мектеп асханасына жиһаз сатып алды. Сондай-ақ, биыл олар мектеп-интернатқа көкөніс кесетін құрал сыйға тартты.

СНХ: МАРАТ ЖЕТЕРОВ, «АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРЛЕР ОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  Іс-шара аясында біз балалармен кездесеіп, әңгімелесеміз. Осындай қажетті құрылғыны тарту етуді жөн көрдік. Мұның бәрі, негізінен, осындай шағын әрекет. Бізден көмек. Бұдан бөлек, біз өзге де шараларда жиі кездесеміз. Тіпті бірлесіп те осындай жиындар өткіземіз.

РКС: Чернобыль оқиғасы тарихтағы ең ірі техногендік апат. Атом электр станциясының реакторындағы жарылыс салдарын жоюға 2 мыңнан астам ақмолалық жұмылдырылды. Қазіргі таңда Көкшетауда 100-ге тарта ардагер бар. Олар 1986 жылғы апат жайында оқушыларға естеліктер айтып, өз бастарынан өткерген жәйттармен бөлісті. 

СНХ: ОЛЬГА БУРДИНСКАЯ, №1 АРНАЙЫ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Чернобыль апатынан зардап шеккендерге, біздің балаларымызға тарихқа осындай көзқарас бергені үшін мың алғыс. Мен балалардың бұл тақырыпқа деген қызығушылығын байқадым. Қазір олар осы тақырыпта фильм көреді, ал одан соң біз туындаған сұрақтарға жауап береміз. Біз қажетті білім беру тұрғысынан да, достық қарым-қатынаста да ынтымақтастығымызды жалғастырамыз деп ойлаймын. 

РКС: Кездесу соңында ардагерлер 10-сынып оқушыларымен естелік суретке түсті. Сондай-ақ олардың туындаған сұрақтарына жауап берді. Мектеп әкімшілігі келген қонақтарға қысқаша экскурсия жүргізді. Іс-шараның соңы балаларға деректі фильмнің көрсетілуімен аяқталды. 

АИДА ХАМИТОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ