ДИКТОР: Мемлекеттік Рәміздердің 30 жылдығына орай, Елтаңба авторы, профессор Жандарбек Мәлібекұлы мен республикалық геральдикалық зерттеулер орталығының жетекшісі Асылбек Баяжұма ақмолалық жастармен кездесуі өтті.

РКС: Шақырылған спикерлер геральдиканың ерекшеліктері мен атқарылып жатқан жұмыстары туралы, мемлекеттік рәміздерді қолдану арқылы, тарихи таңбалардың ұлттық санаға байланысы және елтаңбаға қатысты баяндамалар жасады. 

СНХ: АСЫЛБЕК БАЯЖҰМА, ГЕРАЛЬДИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Негізгі мақсаты – біздің тарихи таңба­лары­мызды, геральдикалық петроглиф, ирог­лифтік белгілерді, тастардағы таң­ба­лар­ды зерттеу, екінші ол мемлекеттік рәміздерді на­сихаттау, үшіншісі ведомстволық наг­радаларға сараптама жасау.
 Ал рәміздердің 30 жылдығына байланыс­ты бүгін Ақмола жастарымен Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековты кездесу жұмыстарын жүргізіп, әрбір жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті,патриоттық сезімді ояту.Рәміздер пат­риоттық сананың қалыптасуына да ті­ке­лей әсер етеді ғой.

РКС: Біз таңбалы қазақпыз. Таңбасы жоқ, қаншама халық бар жер бетінде. Рәміздердің мәртебесін кө­теру мәселесі тек 4 маусымға дейін қозғал­май, одан кейін де жалғасын табуға тиіс-деді, Елтаңбаның авторы.

СНХ: ЖАНДАРБЕК МӘЛІБЕКОВ, ҚР ЕЛТАҢБАСЫНЫҢ АВТОРЫ: Бүгін Ақмола облысының әкімшілігінің және Ш. Уәлиханов атындағы Университетінің ректорының шақыруымен келіп отырмыз. Осы өңірдегі жастармен, ұстаздармен кездесу жасап,өйткені бұл жерде біздің бабаларымыз С.Сейфуллин, Ш.Уәлиханов, Абылай хан сияқты киелі жерде осы жерде өткен, Жастармен кездесу біз үшін қуаныш. Бұндай кездесулер оң нәтиже алып келеді, жастардың ұлт жанды болып қалыптасуына.

РКС: Кездесу барысында жастар көкейіндегі сұрақтарды қойып, осындай рухани кездесулер көп болса екен деген, тілектерін айтуда.

СНХ: АРАЙЛЫМ СҰЛТАН, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Айта кететін болсақ,өте әсерлі болды. Жалпы осы кісі архитектор, өзінің білімі арқылы жастардың бойында рухани құндылықтарды, патриоттық сезімді бойымызда оятты.

РКС: Айта кетсек,геральдика саласының мемлекет үшін маңызы зор, өйткені, мемлекеттік, өңірлік нышандар егемендікті айшықтаса, көне таңбалар мен жәдігерлер қазақ тарихының бастауы екенін сөзге тиек етті.

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АКПАРАТ