ДК: Егін орағы аяқталуға жақын. Жергілікті диқандар бүгінде астықтың 80 процентін орып үлгерген. Нақтырақ айтсақ, 3,5 млн.алқаптан 4 млн.тоннаға жуық астық орылды. Есіл ауданына жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Ермек Маржықпаев алдымен күзгі дала жұмыстарымен танысты. Егіс алқаптарын аралап, жергілікті шаруашылық иелерімен кездесті. 

ЕСТ.ШУМ: ЕГІН ОРУ ПРОЦЕСІ

РКС: Танап басында қайнаған тірлік. Есілдік диқандар алдағы 10 күн ішінде орақ науқанын аяқтауды жоспарлап отыр. Биыл аудан бойынша 495 мың гектар алқапқа дән сіңіріліпті.

СНХ: АСҚАРБЕК МАҚСҰМХАН, ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі уақытта 82 проценттен астамын орып бітірдік. Кейбір шаруашылықтар егін орағын толығымен аяқтады. +скл+Қазіргі таңда орташа өнімділігі 10 центнерден болып жатыр. Бірақ, егін орағы аяқталғанға дейін бұл көрсеткіш өзгереді деген ойдамыз.

РКС: Есілдік диқандар осы жолы Юбилейное ауылында бас қосты.  Олар жергілікті  "Ново-Приречное" серіктестігінің егіс алқабын аралап, техникасымен танысты. Сондай-ақ, өңір басшысына өз сауалдарын жолдап, диалог  орнатты. Ал, облыс әкімі мемлекеттік қолдауларды атап өтті. 

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз осы жылы 83 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай алдық. Осы 83 тоннаға қосымша тағы 30 тонна сұраттық. Қазіргі таңда соның 15 тоннасын алдық. Сондықтан сіздерге қосымша тағы да жанар-жағармай бөлеміз. Тек жұмысты уақытылы аяқтаңыздар.

STAND-UP: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ТІЛШІ: Есіл ауданынан күзгі орақ науқанына 2 мыңнан астам техника жұмылдырылған. Соның 800-ден астамы осындай заманауи комбайн. Айталық, жыл басынан бері ауданға жаңа 42 техника сатып алыныпты. Оған қазынадан 4,9 млрд.теңге бағытталған.

РКС: Тағы бір жаңалық. Бүгінгі күні Юбилейное ауылының тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізген. Ауыл ішінде 11 шақырым газ құбыры тартылған. Жоба құны 140 млн.теңге. Ілкімді істің барлығы жергілікті серіктестік есебінен жүзеге асуда. Өңір басшысы кәсіпорын жетекшісін көпшілікке үлгі етті.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Көбінесе газ құбырларын тарту, оны үйге дейін жеткізу біздің міндетке кіреді ғой. Ал, бұл тұрғыда жергілікті компания барлығын өз мойнына алған. Бүгінде ауылдағы 180 үйдің 140-ына газ тартылған.  Оған 100 млн.теңгеден астам қаржы бағытталыпты. 

РКС: Ауыз су, жол, мектеп пен газ. Бұқара үшін бастысы осы.  Юбилейное ауылында осы индикаторлардың барлығы қамтылған. Сондықтан, ауылдағы  көші-қон жиілеген. Қайта көшіп келіп жатқандар қатары көбейіпті. Сәйкесінше, ауылдағы білім ошағындағы балалар саны да артып келеді. Қазіргі таңда мектепте 115 оқушы білім алады.

СНХ: МАРИНА КОЛОС, ЮБИЛЕЙНОЕ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мектептің техникалық базасы жақсы жарақталған. 12 сынып заманауи қондырғылармен жабдықталған. 4 модификация кабинеті бар. Сондай-ақ, мектепке Бертал және Ейское ауылдарынан оқушылар қатынап оқиды. Оларға көлік пен ыстық тамақ қарастырылған.

ЕСТ.ШУМ: Футбол ойыны

РКС: Сонымен қатар, ауылдың жаңа спорт  және орталық алаңы бар.  Балалар алаңқайы да талапқа сай салынған. 3 жобаның құны 100 млн.теңгеден асады. Яғни, жергілікті тұрғындар бос уақыттарын осы жерде өткізіп, ой сергітеді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, "КӨКШЕ АҚПАРАТ"