ДК: Балалар төлемақысының мерзімі ұзартылады. Ең төменгі еңбеақы мөлшері өсіп, нәзік жандылардың зейнетке шығу жасы кемиді. Ел Президенті Жолдауда әлеуметтік салаға осындай өзгерістер еңгізді. Бүгінде Тоқаев көтерген бастамалар жан-жақты қолдау тауып,  талқылану үстінде. 

РКС: Сәбилерге төленетін жәрдемақы мерзімі ұзартылды. Күні бүгінге дейін жөргекпұл тек бір жасқа дейін беріліп келді. Осы ретте, ата-аналар тарапынан назаразылық болғаны жасырын емес. Ел Президенті елдің тілегін елеп, мерзімді бір жарымға ұзартты. Айталық, өткен жылы айтулы көмекті облыс бойынша 400 мыңға жуық адам алған. 

СНХ: АЙНАГҮЛ САБЫРОВА, «МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  2021 жылы шамамен 385 мың адамға айтулы төлем тағайындалды. Бұл мақсатқа шамамен 154,5 млрд.теңге бағытталды. Ал, осы жылдың бірінші қортындысы бойынша86 млрд.теңгеге 169 мың адамға әлеуметтік төлем төленді.

РКС: Көптің талқысына түскен мәселенің бірі – зейнет жасы. Әсірсе, әйелдер бейнеттің зейнетін ертерек көруге ынталы екенін жеткізді. Саяси құжатта мемлекет басшысы нәзік жандылардың зейнет жасын 61 қылып бекітті. Бүгінде өңірде Президенттің осы бастамасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 

СНХ:НӘЗИПА СӘЛІҢГЕРЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жұмыстар жүргізіліп жатыр. Түсіндіру жұмыстары басталды. Спикерлер бекітілді. Халықтың пікірі ескеріледі. Әйелдердің дені осы бастаманы қолдап отыр. 

РКС: Сонымен қатар, Мемлекет басшысы  ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етпек. 

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»