ДИКТОР:«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық байқауы өтті. Оған өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған 35 мектеп оқушысы қатысты. Сайыстың басты мақсаты-техникалық мамандықтардың әлеуетін арттыру. 

РКС:  Бұл сайыста оқушының білімі де, ойлау қабілеті де сынға түсті. Атүсті жасалынған жобаларды қабылдаған жоқпыз. Оқушылар тек жан-жақты зерттелген, қандай да бір жаңалығы бар идеяны ұсынды,-дейді ұйымдастырушылар. Байқауға 50-ден астам ғылыми жоба әкелінген. Оқушылардың біреуі архитектураға қызығып, түрлі макет жасаса, енді бірі работатехника саласын таңдапты.   

СНХ: ХАДИША ЖҰЛЫМБЕТОВА, «АҚМОЛА ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұл байқауға Бұланды, Аршалы, Астарахан, Шортанды аудандарынан мектеп оқушылар келді. Сайыс 10 номинациядан тұрады. Балалар өте қызықты жобаларын ұсынып жатыр. Мұндай техникалар біздің өмірімізге тікелей әсер ететіні анық. Олар жерден, судан, күннен энергия алу жолдарын да көрсетіп жатыр. Әрине, бұл саланы әлі де жетілдіру қажет. Біз балаларды осындай байқаулар арқылы қызықтырамыз. Алдағы уақытта сайыстың ауқымын кеңейтеміз. 

РКС:Байқауға қатысушылардың бірі-Ардақ Әміш. Ол бұл сайысқа Шортанды ауданынан келіпті. Мектеп оқушысы өз жобасын 1 айдан астам уақыт бойы дайындаған. Қала құрылыс модельдері номинациясы бойынша сынға түскен Ардақ менің макетім Қазақстандағы туризмді дамытуға үлес қосады,-дейді. 

СНХ: АРДАҚ ӘМІШ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ (ШОРТАНДЫ АУДАНЫ):  Менің жобам «I love Cuba Island» деп аталады.скл Мен туристік кешеннің макетін ойлап құрастырдым. Онда саяхатшыларға арналған барлық жағдай жасалған. Онда сауда орталықтары, ойын-сауық кешені бар. Ол өзін баламалы энергиямен қамтиды. 

РКС: Мұндай туристік кешен теңіздің үстінде орналасуы қажет. Оны жылумен, жарықпен қамтамасыз ету мәселесі де шешілген. Энергияны жел мен күн береді,-дейді Ардақ. 

ИНТЕРШУМ:  - Мынау негізгі ғимарат. Оның 4 секторы бар. Мына жерде ойын-сауық орталығы. Ал мұнда емдеу орталығы. Тетр, спектакль қойылатын сахна, тіпті, кинотеатрда бар. 

РКС: Сыннан сүрінбей өткендер облыс намысын республикалық байқауда қорғамақ. 

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»