ДК: Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмаларын орындау аясында келер жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жұмысынан айырылып қалғандарға  мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан өтелетін төлемнің мөлшері орташа есеппен 13 процентке ұлғайтылмақ. 
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ПРЕЗИДЕНТІ: Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық табысының 45 пайызына дейін көбейтіледі. Бұл қадам осындай жағдайға тап болған жандарға септігін тигізіп, қызметке тезірек оралуына мүмкіндік береді. Атаулы әлеуметтік көмектің бірыңғай жүйесін құру азаматтардың әл-ауқатын жақсарту ісіндегі маңызды қадамның бірі болмақ.

РКС: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан шығарылған қызметкерлер жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда 6 айға дейін әлеуметтік төлем ала алады. Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу үшін табысты алмастырудың коэффициентін 40-тан 45 процентке дейін ұлғайту қарастырылуда. 

СНХ: АЙНАГҮЛ САБЫРОВА, «МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ": Ол келер жылдың 1-ші қаңтарынан бастап республика бойынша 117 мыңнан астам адам егер жұмысынан айырылып қалған жағдайда орташа есеппен 13 проценттік жоғары мөлшерде әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік береді. Сондықтан жұмыстан шыққан сәттен бастап жұмыссыз ретінде тіркелу қажеттігін тағы да қайталап айтқым келеді. Екінші мәселе egov.kz  порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалдары арқылы аударымдарды тексеріп отыру қажет. Өйткені, әлеуметтік төлемнің мөлшері сол аударымға тікелей байланысты болады. 
РКС: Жұмысынан айырылғанына байланысты төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері табысына тікелей әсер етеді. Жүйеге қатысушының соңғы 2 жыл бойы әлеуметтік аударымдары үздіксіз түсуі шарт. Әрі ол оның жұмыстан шығу себебіне еш кедергісіз  жүзеге асырылуы тиіс.  
АИДА ХАМИТОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.