ДК:Облыс орталығында  астық сақтау орындары жергілікті шаруалардан жаңа өнімді қабылдауға толығымен дайын. Диқандар дәнді және майлы дақылдарды өңірдегі  70-ке жуық  элеваторға жеткізе алады. Кәсіпорындардың дайындығымен әріптесім Салтанат Сәрсембайқызы танысып қайтты.

 

РКС: Биыл облыс аумағында 68 кәсіпорын астық қабылдау науқанына қатысады. Олар  4,6  млн. тоннадан астам астықты қабылдай алады. Одан бөлек, өңірдің ауылшаруашылығы құрылымдарында 2,4  млн. тоннаға дейін бидай сақтай алатын арнайы қоймалар бар. Бүгінге дейін астық қабылдайтын мекемелердің барлығында дайындық жұмыстары жүргізілген.

 

СНХ: ТАЛҒАТ СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: В лицензированных ХПП имеются 142 зерносушилки производительностью 3.1 тыс.тонна/час. Вдругих сельхохформированиях имеются  97 зерносушилок  производительностью 31 тыс.тонна/час таким образом общая проиводительность  зерносушилок может составить до 220 тыс.тонн в сутки.Все предприятие готовы  к приему зерна нового уражая. ///Лицензияланған астық қабылдау пунктерінде өнімділігі 3.1 мың тонна құрайтын  142 астық кептіргіштер бар. Басқа ауыл шаруашылығы құрылымдарында өнімділігі  31 мың тонна құрайтын  97 құрылғы бар.  Осылайша астық кептіргіштердің жалпы өнімділігі тәулігіне 220 мың тоннаға дейін. Барлық кәсіпорындар жаңа  астық қабылдау науқанына  дайын.

РКС: Аграрлы аймақ болғандықтан, Ақмола облысында астық қабылдайтын мекемелердің қатары жыл санап көбейіп келеді. Бір ғана Көкшетау қаласының өзінде қазір астық қабылдайтын 6 мекеме бар. Sinegor  cеріктестігі облыс аумағында 2 жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді. Ол жылына 100 мың тоннадан астам астық қабылдауға қауқарлы. Мекеме биылғы науқанға да әзір тұр.

 

СНХ: ЖАНАТ ТАСЫҒАН, «SINEGOR-GRAIN» CЕРІКТЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 30 мың тонна астық қабылдай аламыз. Астық кептіретін құрылғылар да дайын. Күніне 1500 тонна астық кептіреміз. Былтыр біз 60 мың тоннаға дейін  қабылдағанбыз.Толығымен дайынбыз.

 РКС: Биылғы егіс орағына 8700 жуық ауылшаруашылығы техникасы жұмылдырылады. Сонымен қатар, 83 мың тоннадан астам  дизель отыны бөлінді.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ