ДК:Егіс алқаптарын кеңейтіп, мал шаруашылығын дамыту. Ерейментау ауданында бас қосқан сала мамандары мен жергілікті шаруалар күн тәртібіндегі осы қос мәселені талқылады. Облыстың әр қиырынан жиналған ауыл шаруашылығын өндірушілер алдымен аудандағы серіктестіктердің жұмысымен танысып, тәжірбие алмасты. Ауқымды шараға облыс әкімінің орынбасарынан бастап, барлық аудан әкімдері және 100-ге тарта жергілікті шаруашылық жетекшілері қатысты.

РКС: Бұл Ерейментау ауданына қарасты Новомарковка ауылы. Шағын ғана ауылда ет және сүт өнімін өндіретін қос серіктестік жұмыс істейді. Бұдан бөлек өсімдік шаруашылығыда жақсы дамыған.  Сол себепті де ұйымдастырушылар бір оқпен екі қоянды атып, ауқымды шаранының орын осы ауылда белгілепті.

ЕСТ.ШУМ:  ҚАН АЛУ ПРОЦЕСІ

РКС: «Жаңа Береке» серіктесті озық технологиялармен жабдықталған. Бүгінде мұнда 100-ден астам адам нәпақасын табуда. Алып бордақылау алаңы бар. Сондай-ақ, өздерінің мал сойып, дайындайтын ет комбинаттарыда заманауи үлгіде жасалған.

ЕСТ.ШУМ: МАЛ СОЮ ПРОЦЕСІ

СНХ: АЙДАР НЫҒМЕТОВ, СЕРІКТЕСТІК ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: Біздің еткомбинаты толық автоматтандырылған. Итальяндық қондырғылар орнатылған. Еуропалық дизайнда жасалған. Қуаттылығы күніне 30 басқа дейін қабылдайды. Ал жылдық қуаттылығы 2 мың тоннаға дейін жетеді.

РКС: Жалпы Ерейментау ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамуда. Әсіресе, соңғы 3 жыл ішінде мал басы едәуір өскен. Бүгінде ауданда 200-ге жуық серіктестік жұмыс істейді. 73 мыңға жуық ірі қара бар. Соның 15 проценті асыл тұқымды екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, аудандағы жайылым мәселесі шешіліп, егістік алқаптары да кеңейіп келеді.

СНХ: АБАЙ ӘЛЖАНОВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:  Жайылым мәселесін де шешіп жатырмыз. Егін шаруашылығына да көп көңіл бөлінген. Осыдан 2 жыл бұрын 87 мың ексек, бүгін 110 мың гектар жерге шығып отырмыз. Жыл сайын 20 мың гектардай қосып тұрамыз.

СНХ: ҒАЛЫМЖАН ӘБДІХАЛЫҚОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Бұл шараның мақсаты игерілмей жатқан жерлерді іске қосу. Ендігі жерде осындай жерлерді алып, мал шаруашылығын дамыту. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету. Нұр-сұлтан қаласы біздің қасымызда тұрғасын,елорда тұрғындарында экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету.

РКС: Айталық, Ақмола облысы мал шаруашылығындағы өнім көлемі бойынша республикада үздік үштіктің қатарына кіреді. Өткен жылғы өнім 154 млрд.теңгені құрады. Ал, индекс көлемі 100 процентті құрады.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»