ДК: Осы жылы облыс бойынша 104 ет фермасы ашылады деп жоспарланған. Бүгінгі күні соның 45-і пайдалануға беріліпті. Десе де кей аудандардағы құрылыс жұмыстары бәсеңдеп қалған. Семинардың екінші бөлімінде аудан әкімінің орынбасарысы тиісті аудан басшыларының жұмысын қатаң сынға алды.
РКС: Жыл басынан бері аймақта 96 мың тоннадан астам ет өндірілген. Көш басында Аршалы, Ерейментау және Атбасар ауданы тұр. Ал, Қорғалжын ауданында керісінше ет өндірісі құлдырап кеткен. Яғни өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 3,5 процентке төмендеген. Бұған аудандағы «Бақара» ет комбинаты себеп болып отыр. Аудан әкімі мәселенің жуық арада шешілмейтіндігін айтады.
СНХ: БЕРІК ЖАНБАЕВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
Пандемия кезінде Қытаймен арадағы қарым-қатынастың үзілуіне байланысты болып отыр. Егер осыған дейін ол 1000 тонна ет тапсырса, бүгінгі күні 300 тоннаға дейін түскен. Сондықтан осының арасындағы байланысты қазіргі кезде толтыру мүмкін емес.
РКС: Көкшетау қаласы мен Жақсы ауданындағы көрсеткіште көңіл көншітпейді. Қос аймақтағы бордақылау алаңдарындағы мал саны кеміген. Мәселен, Көкшетаудағы 5 мың орынға шақталған «Биборд» бордақылау алаңында бүгінде 800-ден астам ғана мал бар. Ал, Жақсыдағы 3 мыңдық алаңда қазіргі таңда 1400-ге жуық мал басы тіркелген. Десе де аудан әкімі соңғы жылдары аудандағы мал санының артқанын айтады.
СНХ: АЛМАГҮЛ ҚАДЫРАЛИНА, ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Соңғы 10 жылда өңірде мал басы едәуір артты. Мәселен 2010 жылы аудандағы мал саны 96 мыңды құраған еді. 2015 жылы ол көрсеткіш 104 мыңға жетті. Ал, бүгінгі күні мал басы 144 мыңнан асып отыр.
РКС: Жалпы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша облыста 549 мың ірі қара тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда 1,8 процентке жоғары. Қой мен ешкі саны 3 пайызға өсіп 750 мыңға жетіп отыр.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»