ДИКТОР: "Ақ Бидай" жазғы спартакиадасының ашылу салтанаты өтті. Биыл Біржан Сал ауданында ұйымдастырылған сайыста спортшылар спорттың 8 түрінен бақ сынайды. Оған облысымыздан 1000-ға жуық адам қатысуда. Бірнеше күнге жалғасқан дүбірлі дода жайлы әріптесім Жанерке Төлен баяндайды.
РЗК: Салтанатты ашылу рәсімі аудан орталығының стадионында өтті. Елді мекен тұрғындары мен қонақтарын облыс әкімі Ермек Маржықпаев құттықтады.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Құрметті біздің саңлақтарымыз, үлкен жеңістер осы жерден басталады, Сіздерің бүгінгі жетістіктеріңіз үлкен жарыстардағы жеңістердің кілті болсын. Топтарға қызықты әрі әсерлі, қызу, нәтижелі күрес, әділ төрелік тілеймін! //07:09//
РЗК: Облыстық спартакиада алауын жағу құқығы Қазақстан Республикасының спорт шебері Игорь Санинге берілді.
ИНТЕРШУМ: алауы жанды
СНХ: ТЕМІРБЕК ОМАРОВ, СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ: Құттықтаймыз! Салтанатты ашылу рәсімі өтті, барлық спортшыларға сәттілік тілеймін, тек жеңістер тілейміз!++++ //00:51// Жастар спортпен шұғылданып, спорт залдары салынуда, барлық жағдай жасалуда, олардың бірі Біржан Сал ауданында орналасқан, бұл спортты дамытуға серпін береді деп ойлаймын.//01:05//
РЗК: Спортшылар футбол, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика, шахмат, дойбы, үстел теннисі және еркін күрестен өз шеберліктерін көрсетеді.
СНХ: ТЕМІРТАС ЖҮСІПОВ, БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: Осындай жарыстардың арқасында спортты, атап айтқанда бұқаралық спортты насихаттаймыз. Мен өзім бірнеше рет осы жарыстарға қатыстым. //00:29/// ++ Мұндай сайыстардың нәтижесінде балалардың спортқа деген сүйіспеншілігі оянады. Осындай шаралар спорттың барлық түрі бойынша жиі ұйымдастырылып тұратын болса, нұр үстіне нұр болар еді.//00:52//
РЗК: Жарыстар 13 тамызға дейін жалғасады. Жазғы спартакиаданың жабылуы рәсімі де сол күнге жоспарланған. Сайыс қорытындысына сәйкес, онда жеңімпаздар медальдар мен кубоктармен марапатталады.
ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ КАИРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ,КОКШЕ АКПАРАТ.