ДИКТОР: Jas Camp Aqmola-2022. Дәл осындай атаумен облыстық форумы өтті. Оған жастар ресурстық орталықтарының, ұйымдардың көшбасшылары мен еріктілер қатысты. Форум екі күнге жоспарланған.

ИНТЕРШУМ: ашылуы

РКС: Биылғы іс-шараның өзіндік ерекшелігі бар. Яғни жастар үшін табиғат аясында түрлі  тренингтер, зияткерлік ойындар және алау жанында пікірталас кештері ұйымдастырылады.

СНХ:  МӘНСИЯ ЕСКЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Жалпы облысымызда 150-мыңнан астам жас азаматтар тұруда.Қазіргі біздің лагерьге ең белсенділер жиналды. Осы лагерь төңірегінде бізде  үш секциялық жұмыс болатын болады.Оның біріншісі көшбасшылық қасиетті дамыту бағыты. Оған арнайы Астанадан модераторларды шақырдық және екінші бұл  облысымыздың  волонтерлері және облыс орталығында волонтерлармен айналысып жүрген меценаттармен және ең үздік волонтер 2020-2021 жылдың байқауының жеңімпаздары өзінің тәжірбиесімен бөлісетін болады. Үшінші әскери патриоттық бағыта қарулы күштерінің ардагерлері және де қазіргі уақытта осы салада қызмет атқарып жүрген азаматтар келіп әңгіме құратын болады.

 

РЗК: Іс-шара жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған. «Қазақстанның студенттер Альянсы», Жастар конгресі, «Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының» өкілдері диалог алаңында өз ойларымен бөлісіп, пікір таластырды.  

СНХ: МИЛАНА САЙЛАУБАЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ СТУДЕНТТІК АЛЬЯНСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Маған өте ұнап жатыр, мен бірінші курс студент болғандықтан, бұл менің бірінші  қатысып отырған іс-шарам.+скл+өте көп адамдармен таныстым.

РКС: Форум екі күнге жоспарланған. Жиынның жабылу салтанатында оған қатысушыларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталмақ.  

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.