ДК: Қазақстандық студенттер үшін 20, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15 процентке өспек. Үкіметтің кеңесінде жаңашылдықтар туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.  Сондай-ақ биыл жоғары оқу орындарына бөлінетін гранттар саны да біршама артқан.  

 

ГРАФИКАҒА АРНАЛҒАН ТЕКСТ: Бакалавриат студенттеріне берілетін шәкіртақыға келсек, бұрын 36 мың теңге алып келсе, жаңа өсім бойынша 58 мың теңге болады. Магистранттардың стипендиясы бұрын 76 мың теңге мөлшерінде болса, енді 89 мың теңге алады. Докторанттар жаңа өсімге сәйкес 195 мың теңге шәкіртақы алады. 2025 жылға дейін барлық студенттің стипендиясы екі есеге дейін ұлғаймақ.  

ИНФОГРАФИКА:

БАКАЛАВРИАТ — 36 МЫҢ ТЕҢГЕ             58 МЫҢ ТЕҢГЕ

МАГИСТРАТУРА — 76 МЫҢ ТЕҢГЕ          89 МЫҢ ТЕҢГЕ      

ДОКТОРАНТУРА —150 МЫҢ ТЕҢГЕ         195 МЫҢ ТЕҢГЕ         

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ: Бүгінгі күні 56 мамандық бойынша бакалавриатқа құжаттар қабылдау жалғасып жатыр. Ол 25-ші тамызға дейін жүргізіледі.            Біздің университет арқылы Қазақстанның барлық жоғары оқу орнына 1300-ден астам өтініш келіп түсті. Оның 1090-ы біздің білім ошағын таңдады. Бұдан бөлек, 300 адам ақылы оқуға ниет білдіріп отыр. Әкімнің 100 гранты педагогикалық мамандыққа және 50 грант медицина саласына оқитындарға бөлінді. Сондай-ақ көпбалалы отбасының балаларына, мүмкіндігі шектеулі түлектер үшін жеңілдіктер қарастырылған. Докторантураға келсек, экология, қоршаған ортаны қорғау,  математика, филология,шет тілдеріне 10 грант бөлініп отыр.

 

РКС: Биыл еліміз бойынша жоғары оқу орындарына түсетіндерге 73 мың грант бөлініп отыр. Инженерлік мамандықтарға ерекше басымдық берілді. Халқы тығыз орналасқан батыс өңірлер үшін биыл алғаш рет мақсатты гранттар қарастырылған. Маңғыстау мен Атырау облыстарының мектеп түлектері үшін 10 мың грант бөлініп отыр.

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ