ДК: Бүгін ұстаз, ақын, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, фиолософ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбаевтың туған күні. Үкімет қаулысымен осыдан екі жыл бұрын 10 тамыз Абай күні деп бекітілді. Осыған орай өңірде «Әлем таныған Ұлы Абай» атты әдеби-сазды кеш өтті.

РКС: Биыл қазақтың ұлы ойшылына 177 жыл толды. Аты аңызға айналған ғұлама ақын 1875 жылы қазіргі Абай облысы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Ұлы Абай өмірінің соңына дейін жастарды білім мен ғылымға баулыды. 

СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:  Абайдың мұралары өшпес мұра. Бұл қалай айтсақ та, әлем данышпандарының қатарынан ойып тұрып орын алған тұлға. Әлемдік ұлы алыптардын ой жүлгесімен, ой-өрісімен үндескен тұлға. Сондықтан Абай десе, біз жалпы қазақтың рухани өрісі,рухани көші, рухани болмысын Абайдың мұралары арқылы насихаттау. Кейінгі жастарға, тек жастар емес жалпы қоғамға +скл+02:02-02:04 Абайдың әрбір сөзінен біз ұлағат алуымыз керек. Солмен жүруіміз ләзім.

РКС: Кештің мақсаты-өскелең ұрпаққа біртуар тұлғаның шығармашылығын насихаттау, ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру.  Шығармашылық кеште әдеби оқулардан бөлек кітап көрмесі де ұйымдастырылды. Сөрелерде хакім Абайдың түпнұсқадағы қолжазбалары, академиялық шығармалардың толық жинағы  мен ақынның сөздігі қойылды. Ол кітаптарды аудио форматта да тыңдауға болады. Ол үшін қойылған QR-кодты сканерлеу қажет. Мұндай цифрлық құрылғы кітапханаларда да орналастырылған. 

СНХ: ЕРБОЛАТ БАЯТ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, ЖАЗУШЫ:  Әрбір халықтың өзінің кеңістігінде таңғы Шолпан жұлдыздай жарқырап немесе күндей сәулеленіп тұратын ғажайып тұлғалар болады. Біздің қазақ үшін жарық сәулелі тұлға ол-Абай. Орыстар-Пушкинды, ағылшындар-Байронды қалай биікке көтерсе, біздің қазақ, Алаш жұрты солай биікке көтеруі тиісті. +скл+03:17- Абай өз заманның да құрдасы, бүгінгі заманның да құрдасы, болашақ ұрпақтың да құрдасы. Абай күні, Абайдың туған күні құтты болсын!

РКС: Өңірде мұндай шығармашылық іс-шаралар дәстүрлі түрде өтеді. Қынжылтатыны әдебиетке қызығушылық танытатын жалынды жастардың аздығы,-дейді ұйымдастырушылар. Алдағы уақытта өтетін оқуларға қатысам деушілердің саны артады деген үмітте.   

АИДА ХАМИТОВА,  ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ,  «КӨКШЕ АҚПАРАТ»