ДК: Аймақтағы қант бағасы тағы 2,1 процентке қымбаттады. Соңғы аптағы статистикаға сүйенсек, шекер бағы 11 теңгеге көтерілген. Бұдан бөлек, пияз құны 4,3 процентке артқан. Бұл туралы «Аманат» партиясының кезекті депутаттық фракция отырысында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының жетекшісі Ербол Оспанов мәлімдеді.  Жиын барысында жергілікті халық қалаулылары осы және қордаланған басқа да мәселелерді талқылады.

РКС: Шеттен шыққан шекер бағасын таласа жазып, айтып жатқандар көп-ақ. Бұқараның базынасы билік құлағына жеткенімен қант бағасы тұрақталмай тұр. Ал, жергілікті сала мамандары болса мәселе біртіндеп шешіліп келеді деп сендіруде. Олар қордағы қантпен, шеттен келетін шекердің тоннасына тоқталды.

СНХ: ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бағаны тұрақтандыру үшін 982 тонна қант сатып алынды. Соның 710 тоннасы жеткізілді. Бүгінде бұл шекер аймақтағы 29 сауда нүктесінде сатылуда.  Атап айтсақ,  4 «KOKSHE-MARKET», 8 «Инмарт» және 17 қала мен аудан дүкендері. 

РКС: Қант мәселесі әсіресе облыс орталығында сезілуде. Оны сағаттап кезекте тұратын тұрғындардан анық аңғаруға болады. Осы ретте қала әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бағамдау мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырған.

СНХ: ГҮЛМИРА ШУКАТОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз көптеген үйлердің қасындағы дүкендерде «әлеуметтік сөрелер» жасадық. Мұндай сөрелер қаладағы Ақжол, Жасмин, Шанхай,  Әлихан, Шыңғыс және Буренка дүкендере бар.

РКС:  Десе де, жиынға қатысқандар аталмыш шараның тиімсіз екенің алға тартты.

  • Ал, ондағы дүкеншілер адамдардың санатын қалай ажыратады? Әлде бәріне бірдей ме
  • Бірдей.

РКС: Осылайша, қала әкімдігіне жобаны қайта қарастыру жүктелді. Бұдан бөлек, фракция отырысында білім беру нысандарын жаңарту жұмыстары айтылды. Айталық, соңғы 3 жыл ішінде облыстағы 68 білім беру мекемесі жөндеуден өткен. Оған қазынадан 12 млрд. теңге қаржы бағытталған.

СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Биылғы жылы облыстық және республикалық бюджеттен 13 білім беру мекемесіне 1 млрд 861 млн.теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасы аясында 2 мектепке 628 млн.теңге бөлінген болатын. 13 нысанның 11-і мектеп. 

РКС: Осы 11 мектептің 9-ы жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп көзделген. Ал, Егіндікөл және Жарқайың аудандарындағы қос білім ошағындағы құрылыс қыркүйекке дейін аяқталмай қалады деген қауіп бар. Қазіргі таңда облыстық білім басқармасы осы шараларды пысықтап жатқанын жеткізді.  

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»