ДК: Ақкөл ауданындағы Ақкөл көліне тазарту жұмыстары жүргізілді. Зертханалық талдау нәтижесінде судан аммиак пен нитриттің мөлшерден тым көп екені анықталған. Мамандар мұндай тазарту жұмыстарын шағын су қоймаларында жүргізіп, оң нәтижеге қол жеткізген. Екі кезеңдік тазарту жұмыстарынан кейін көл суына қайта талдау жасалады.

STAND-UP: ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, ТІЛШІ: Ақмола облысы бойынша көлдер саны көп. Ресми деректерге сүйенсек, тұщы көлдер саны – 94. Біз тұрған Ақкөл көлі тұщы көлдер қатарында. Ақкөл көлі суының мөлдірлілігін арттыру мақсатында фитопланктона бүрку арқылы тазарту жұмыстары жүргізілуде. «Бұл балық шаруашылығын дамытуға үлкен септігін тигізеді» - дейді мамандар.

ИНТЕРШУМ: жұмыс барысынан үзінді

РКС: Хлорелла суспензиясы маңызды аммин қышқылдарына, кальций, фосфор, темір, марганец, кобальт, мыс тағы да басқа минералдарға бай. Оттегі режимін жақсартады. Ерлан Мұқанов Ақкөл көлін бірнеше жылға жалға алған. Алдағы уақытта көлді тазартып, балық өсіруді көздейді.

СНХ: ЕРЛАН МҰҚАНОВ, «ӘРЕКЕТ-2050» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: В нашем государстве до 2030 года ведется развитие рыбного хозяйства. Для достижения цели необходимо работать по максимуму, то есть уделять больше внимания рыбному хозяйству. Я недавно был на международной конференции. Там были коллеги из Узбекистана, Турции, Польши. Мы обсудили вопросы рыбного хозяйства, обменялись опытом. Я сам занимаюсь этим рыбным хозяйством с 2017 года, у меня есть опыт. В Щучинске около 20 лет на озере не было ни одной рыбы. Сделал рыбное водохранилище. В осеннее время я достиг в хорошие результаты.///Еліміз бойынша 2030-шы жылға дейін балық шаруашылығын дамыту қолға алынып жатыр. Мақсатқа жету үшін балық шаруашылығына көп көңіл бөліп, барынша жұмыс істеу керек деп есептеймін. Жуырда Өзбекстан, Түркия, Польша мемлекеттері қатысқан халықаралық конференцияда болдым. Ол жерде балық шаруашылығына қатысты мәселелерді талқылап, тәжірибе алмастық. 2017 жылдан бастап осы осы салаға ден қойдым, біраз тәжірибе жинақтадым. Щучинск қаласының маңында 20 жылдай балық болмаған көлді жалға алдым. Күзде жақсы нәтижеге қол жеткіздім.  

РКС: Қазір үкімет балық шаруашылығы саласын дамыту бағдарламасын қабылдады. Облыстағы барлық су айдындары осындай мелиорациялық іс-шаралар жүргізуді қажет етеді. Ақкөл көліне 2,5 тонна хлорелла себілді. Бұл тек бірінші кезең. Суды тазарту жұмыстарына арнайы мамандар жұмылдырылған.

СНХ: НИКОЛАЙ ВАСИЛЬЕВ, «СУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: На сегодняшний день наша организация провела очистные работы на территории Республики Казахстан в более чем 120 водоносных массивах. Это частные малые водоемы, а также крупные водные объекты, водохранилища и озера. Общая площадь составляет более 1000 гектаров. Готовы работать даже с более крупными объектами. Ведется работа по улучшению экологической обстановки. Все были посыпаны жидкостью хлореллы./// Бүгінгі таңда біздің мекеме ел аумағында 120-дан астам сулы алқапта тазарту жұмыстарын өткізді. Оның ішінде жекеменшік кіші су айдындары, сондай-ақ ірі су нысандары, су қоймалары мен көлдер бар. Жалпы көлемі 1000 гектардан асады. Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Барлығына хлорелла сұйықтығы себілді.

РКС: Сондай-ақ, «Әрекет-2050» серіктестігі ғылыми-зерттеу қызметінің аккредитациясын иеленген. Биологиялық негіздемелерді әзірлейді. Ақмола өңірінде ғана емес, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарындағы өзен-көлдерде балық шаруашылығын дамыту тұрғысында ғылыми ұсыныс береді.

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, РАХАТ ЖҰМАБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ