ДК:  Бүгін Григорий Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі Көкшетау қаласына келді. Мұражайдың 80 жылдығына орай «Тамыры терең туған жер» атты көрмесі өтті. Шараның мақсаты – өңіраралық мәдени байланысты нығайту, сонымен қатар Керекудің бай материалдық және рухани мұрасымен таныстыру.

РКС: «Тамыры терең туған жер» көрмесінде Павлодар өңірінің тарихы мен мәдениеті таныстырылды. Көрмеде палеонтология және археология бойынша бірегей экспонаттар ұсынылған. Мұнда мезозой, кайназой дәуірінің сүйек материалдары, мұзды фаунаның сүйектері ерекше қызығушылық тудырады. Археологиялық коллекцияда ерте темір дәуірінен орта ғасырға дейін көрсетілген.

СНХ:  НҰРБЕК  НҰРӘЛІ,           ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  Біз қала тұрғыны ретінде әрі әріптес ретінде Ақмола обылыстық өлкетану музейіне келіп, Павлодардан келген  Григор Потанин атындағы өлкетану музейін, Павлодар обылысы  Кереку жеріндегі үлкен тарихи дүниелермен танысуға сол кісілер әкелген көрмені тамашалауға келіп отырмыз. Бірден айтайын көрме мазмұны жағынанда құрылымы жағынанда керемет құрылған екен, жасалған екен. Сонау жақтан әдейі алып келіп, Көкшетау жұртшылығына өз елінің жетістіктерін, тарихын, жазушыларын, әншілерін таныстырып жатыр. Көрмеде міне жаңа көрдік қаншама дүниені  бойымызға сіңірдік, керемет рухани қазына алдық.

РКС: Көрмеде Павлодар өңірінің танымал фотосуретшісі, өлкетанушы Дмитрий  Багаевтың  фотосуреттері қойылған. Бұл салада 50 жылдан астам еңбек еткен шығармашылық иесі ғылыми зерттеу жұмыстарын мұраға қалдырған.

СНХ:  ЕРЛАН  ОЛЖАҰЛЫ,  МАЙРА ШАМСҰТДИНОВА МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ /ПАВЛОДАР  ҚАЛАСЫ: Біздің музей қорының экспонаттарынан басқа тағыда  Дмитрий Багаевтың суреттері әкеліп көрсетіліп отыр. Ол суреттердің ерекшелігі 19 ғасырдың аяғы, 20  ғасырдағы  Павлодар өңірінің адамдарының тұрмыстарынан мәлімет беретін суреттер. Оның ішінде ауыл шаруашылығына байланысты, басқада  Павлодар облысының ұлы адамдары, қоғам қайраткерлерінің ерекше түсірілген, сақтап қалған бейнелері.

РКС:  «Шоқтығы биік жерлестер» бөлімінде Павлодар облысының ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлері туралы баяндалған.  Жалпы бұл шараны өткізудегі мақсат – аймақтар арасындағы ғылыми байланысты арттырып, тарих беттеріндегі келелі оқиғаларды келер ұрпаққа насихаттау.

САЯЖАН  ҚҰДАЙБЕРГЕН, ПАВЕЛ  СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ