ДК: Мектеп оқушылары үшін көптен күткен демалыс басталды. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғаннан соң  балаларды сауықтыру орталықтары, мектеп жанындағы алаңдар мен лагерьлер жұмысын жандандыруда. Ақмолалық оқушыларға  алдағы үш айда демалыстың қандай түрлері қарастырылған? Тілші баяндайды.

РКС: Қазіргі уақытта Ақмола облысының 551 мектебінде 133 мыңнан астам оқушы бар. Ең бірінші кезекте 17 мыңға жуық әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған  балалар   жазғы кезеңде демалу және сауықтыру іс-шараларымен қамтылады.

СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жалпы біздің облысымызға білім басқармасына жататын қала сыртындағы балалар сауықтыру орталықтарының ішінде биылғы жылы 19 лагерь оның ішінде 15 лагерь биылғы жылы өздерінің жұмыстарының үздіксіз жасайды деген жоспарымыз бар. 10 лагерь мемлекеттік, 5 лагерь жеке меншік. Осы лагерлердің ішінде мерзім бойынша жұмыс істейтін 4 лагерь бар, қалған лагерлер жаз кезіңде ғана бір мезгіл жұмыс істейтін қала сыртындағы балалар сауықтыру орталығы. Жалпы біздің жоспарымыз бойынша қала сыртындағы лагерларда 11 000- астам біздің оқушыларымыз аталаған лагерларда дем алады деген үміттеміз. Қала сыртындаға балалар сауықтыру орталығының ұзақтығы 10 күннен

 

РКС: Жыл басынан бері жас қазақстандықтар үшін Зеренді ауданындағы «Сұңқар» сауықтыру кешені өз жұмысын бастады. Күні бүгінге дейін аталған орталық 2 мыңға жуық баланы қабылдады. Мемлекеттік лагерьлерге жолдаманың орташа құны 25-75 мың теңге. Жеке меншік лагерьлерде – 75-90 мың теңге шамасында. Жолдама құнын төмендету үшін мемлекеттік 5 лагерьге жергілікті бизнес өкілдері азық-түлік жеткізуге демеушілік көмек көрсетеді.

 

СНХ: МАРИНА ЛИ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Жаз бойы облыстың қала сыртындағы лагерьлерінде шамамен 11 мың оқушыны қамту жоспарлануда. Оның 2 мыңға жуығы «Жалпыға міндетті оқу» қоры және демеушілік көмек қаражаты есебінен тегін демалады.1500 бала қала сыртындағы лагерьлерде салалық кәсіподақтар арқылы, 7 мыңға жуық бала ата-ана төлемі есебінен лагерьлерге жіберіледі.

 

 РКС: Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан шыққан балаларды қамту үшін жаз бойы жазғы демалыстың аз шығынды  жұмысы жоспарланған. 332 түрі қамтылған. Бұл өлкетану жорықтары, экскурсиялар, шатырлы, киіз үй лагерлері. Үйірмелер мен секциялар, еңбек жасақтары және зияткерлік жұмыспен қамту жұмыстары арқылы жазғы кезеңде Ақмола облысының 117 739 оқушысы қатысады.

 

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ