ДК: «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанынан «TALQYLAU» диалог алаңы ашылып, жұмысын бастады. Онда өңірдің зиялы қауым өкілдері, журналистер, тарихшылар мен заңгерлер «Референдум - Жаңа Қазақстанға алғашқы қадам» тақырыбында ой-пікірлерін ортаға салды.

РКС: Талқылау алаңында Конституцияға енгізілетін өзгертулер жайлы нақты ақпарат берілді. Әр тармаққа жеке-жеке тоқталып, өзгертулердің маңыздылығы айқындалды.

СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Жақсы өзгеріс болады. Президент пен әкімдердің саяси партияда болмауының өзі жақсы қадам. Биліктегілердің жақын туыстарының саяси қызметтерде, квазимемлекеттік секторда лауазымды қызметте болмауы -жемқорлықты, парақорлықты заңсыздықты тыяды. Соңғы жылдары халық неге көшеге шығып кетті?!Олар әділеттікті іздеді. Соттардың шешімімне риза болмай, сот алдына тұрып алған жағдайлар көп кездеседі. Енді конституциялық сотқа жүгінуге әрбір қазақстандық азаматтыңқұқығы болады. Ендеше, Жаңа Қазақстан құру дегеніміз -әділетті қоғам құру

РКС: «TALQYLAU» алаңына жиналғандар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік алды. Әлеуметтік желі арқылы көрермендерден сан түрлі сұрақтар келіп түсті.

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:  Референдум бірден өзгеріс әкеледі деп қате түсінік болмауы тиіс. Себебі, Конституциядағы өзгерістер негізінде жер  болсын, басқа да барлық сұрақтар бойынша заңдар қабылданады. Бұл келесі жыл бола ма, екі жыл өте ме, әйтеуір заңдар қабылданған соңбарып, нәтижесін көре аламыз. Ал жалпы, Екінші республика деп айтып жатырмыз. Бұл кезеңге көшу 5-10 жылға созылуы мүмкін. Сондықтан асығудың қажеті жоқ. Ең бастысы, саяси реформаларды жасап алсақ,  бұл халықтың тұрмысына да, жалпы ел экономикасына да әсер ете бастайды, сонда барып оң өзгерістерді көреміз

РКС: «TALQYLAU» алаңы бір реттік шара ғана емес, бұл жерде алдағы уақытта да тұрғындарды толғандыратын түйткілді мәселелер талқыланады.

«АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША КӨКШЕ АҚПАРАТҚА ДАЙЫНДАҒАН ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ