ДК: Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараны Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі ұйымдастырып отыр. Тақырыпты Жансұлу Жиенқұл тарқатады.

РКС: «Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы: ізденіс, тәжірибе және перспектива». Ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына орай дәл осындай атаумен республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Жиында қазақ жазуының реформаторы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының білім мен ғылым саласына қосқан үлесі туралы айтылды.     

СНХ: БОТАКӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Алаш қайраткерінің мейрейтойына арналған 2000-нан астам іс-шара өткізу жоспарланған болатын. Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжіне, Біржан сал, Жақсы аудандарының орта мектептеріне және аудан орталықтарындағы ауылдардың көшелеріне Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру ұсынылды.

РКС: Конференцияның пленарлық мәжілісінде білім саласындағы өзекті мәселелер де талқыланды. Негізгі мақсат – ғалымдар бас қосатын жиынды науқаншыл шараға айналдырмау. Ахмет Байтұрсынұлы қалдырған мұраны насихаттау үшін арнайы бағдарлама жасау керек. Бұдан бөлек ғалымдар мемлекеттік-идеологиялық бағытта «Тіл тағылымы» зерттеу орталығын ашуды бір ауыздан қолдады.

СНХ: НҰРТАС АХАТ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  Біраз уақыт біз білім саласындағы көптеген реформаларды жасадық. Қателіктер те болды. Кемшіліктер болды. Ең үлкен кемшіліктің бірі жаңартылған білім мазмұнындағы біраз кемшіліктердің басы көрінді. Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Ахмет Байтұрсынұлының әліппесін қазақстандық білім сапасына қайтаруы болды. Бұл үлкен жеңіс деп есептеңіздер.

РКС: Сонымен қатар «Жаңа Қазақстан және Ахмет идеялары» атты  еркін ой алаңына ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогтері мен колледж түлектері қатысты. Жаңа Қазақстан жолындағы бастамалар, алда өтетін бүкілхалықтық дауыс беру, сонымен қатар алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының көтерген мәселелері талқыланды. 

СНХ: МЕЙРАМБЕК РАХЫМЖАНОВ, ЗЕЛЕНЫЙ БОР МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ (БУРАБАЙ АУДАНЫ):  Қарастырылып жатқан тақырыптар Алаштың идеясы және бүгінгі таңдағы өзектілігі. Жаңа Қазақстан, өзгертілейін деп жатқан Конституциядан қандай үміт күтеміз. Білім саласындағы, қоғамда еңбек етіп жүрген әріптестерімізбен бірге осындай мәселелерді талқыға салдық. Бастысы біз болашақтан зор үміт күтеміз.

РКС: Бұдан бөлек «Алаштың ұлы тұлғасы» атты рухани-танымдық концерті, «КӘСІБИ БІЛІМ. ТӘЖІРИБЕ. ҒЫЛЫМ» шығармашылық вернисажы, «Ахмет және Алаш жастары» атты медиа-акциясы өткізілді.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ