ДК: Бұрынғы Көкшетау облысы бүгіндері  Солтүстік Қазақстан облысына қарайтын Айыртау ауданы Борлық ауылында туып өскен марқұм Жасұлан Елубаев бала кезден спортқа бейім болып өсті. Осынау қасиет оны дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі мамандығына жетеледі. 

РКС:  Бірінші Шучинск қаласындағы педагогика училищесін кейінен қарағанда  педагогика институтын тәмәмдап,еңбек жолын кіндік қаны тамған Борлық ауылының мектебінде бастады. Жерлестерін сан мәрте спорттық жарыстарға қатыстырып талай таланттарды тәрбиелеп шығарды. Өмірінің соңына дейін Көкшета қаласындағы № 17 мектеп–гимназияда ұстаздық етті. Марқұм Жасұлан Махметұлының жарқын бейнесі шәкірттерімен әріптестері арасында мәңгілік сақталады. Соның айқын айғағындай Жасұлан Елубаевты еске алуға арналған футбол турнирі өтті.

 

СНХ: ҚАЙРАТ СМАҒҰЛОВ, ӘРІПТЕСІ: Жасұлан Махметұлы өз ісінің нағыз маманы. Саналы ғұмырын мектептерде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып өткізді.Ол шәкірттерін шын сүйіп спорттың түр–түріне тартты. Әріптестерімен де достық қарым-қатынаста болды. Ағамыздан біз үлгі өнеге алдық.

Интершум:

СНХ:ДАНИЯР БЕЙСЕНБАЕВ, ӘРІПТЕСІ: Мен IT-мектебінде дене тәрбиесі пәнінен сабақ беремін. Марқұм Жасұлан Елубаев № 17  мектепте қызмет атқарды.Жұмыс барысымен талай рет кездестік. Ағамыздың адами қасиеттері мол болатын. Ол жас мамандарды соңынан еріте білді. Дене тәрбиесі пәнін оқытудың қыр сырын үйретті. Жасұлан Елубаевты еске алуға арналған алғашқы турнирге тыңғылықты дайындалып жеңіске жетіп жатырмыз. Мен алғашқы голды салып,оны ағамыздың құрметіне арнадым.

 

 

РКС:Ұлағатты ұстаз Жасұлан Елубаевтың шәкірттері мен жерлестері туған ауылы Борлықтан ат терлетіп келіп турнирдің мәртебесін арттыра түсті.

 

СНХ:ҚОЗЫ КӨШІМБАЕВ, ЖЕРЛЕСІЖасұлан бауырымыз біздің ауылдың көптеген ұл–қыздарын оқытып,спортта шыңдады.Талай жарыстарға апарады.Борлық елді–мекенінде аудан бойынша тұңғыш спорт алаңын салды.Қолы босаса елге келіп,інілерін жианп алып жаттықтыратын еді. Жасұланның жарқын бейнесі біздің есімізден ешқашан кетпейді.

 

РКС: Көкшетау қаласы  мұғалімдері арасында ұстаз әрі төреші Жасұлан Елубаевты еске алуға арналған алғашқы футбол турнирі тартысты өтті. Жасыл алаңда жасындай жарқыраған Әл–Фараби атындағы  IT-мектебінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды алаң иелері 19 мектептің футболшылары еншіледі. Жүлделі үшінші орынға № 17  мектеп гимназиясының ұстаздары табан тіреді.

 

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ,ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ,КӨКШЕ АҚПАРАТ