ДИКТОР: Өңірде республикалық «Жас ғабдуллиншілдер» слетінің жабылу салтанаты өтті. Іс-шара балалар жылы аясында бірінші рет ұйымдастырылды. Алдағы уақытта мұндай жиын үш жыл сайын өткізілмек.

РКС: Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин есімімен аталатын мектептер арасында ұйымдастырылған слет 3 күнге жалғасты. Оған республиканың 5 өңірінен жиналған 35 оқушы мен 14 мұғалім қатысты.

СНХ: СЕРІКЖАН ЖҮЗЖАНОВА, М.ҒАБДУЛЛИН МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Біздің музейде 2016 жылдан бері «Жас Ғабдуллиндер» инновациялық жобасы жұмыс істейді. Біз оны Мәлік Ғабдуллиннің есімімен аталатын мектептерде клубтар құрып, оларды біріктіру мақсатында жасап жатырмыз. Сондай-ақ, біз де осы оқу орындарымен байланыс орнатқымыз келеді.

РКС:  Сондай-ақ, шара барысында «Жас ғабдуллиншілдер» клубының мүшелері батырдың кіндік қаны тамған мекенге саяхат жасады.  Оқушылар Қойсалған ауылының тынысымен танысып,  ерекше сезімге бөленіп қайттық дейді.

СНХ: АЯГӨЗ ШҮЛІМБЕКОВА, №3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:  Мен бұл клубтың мүшесі атанғаныма өте қуаныштымын. Оның маған берері мол.Міне, Мәлік Ғабдуллинның туған өлкесіне де бардық. Өте керемет. Ерекше әсер алдым.

РКС: Шараға қатысушылардың барлығына алғыс хаттар мен түрлі сыйлық табысталды.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ДИДАР ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»