ДК: Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының кәсіби аспапшылары Көкшелік тұрғындарды сазды әуендерімен баурады. Музыкалық кофехана жобасы аясында өткен Дмитрий Петюль мен Саят Бабаевтың шығармашылық концертіне тілшіміз – Ерзат Смағұлов та қатысып қайтты.

РКС: Көкше тұрғындарын аспап шеберлері сырлы әуендерімен таңғажайып күйге бөледі. Жаңа форматта өткен шығармашылық кеште тыңдармандар кофеден дәм тата отырып, жанға жайлы романтикалық ортада жүректен шығып бойға тарайтын сазды әуендерден рухани азық алды.   

СНХ: ИРИНА САВИНА, КӨРЕРМЕН:  Маған концерт өте қатты ұнады. Біз кештен әдемі әсер алып, жақсы демалдық. Әртістерге жетістіктер мен сәттілік тілегім келеді. Кеш бойы жақсы атмосфера сыйлап, таңғажайып күйге бөледі. Барлық достарыммен жақсы демалып, қызықты кешке қатысқаныма қуаныштымын.

РКС: Кеш барысында көпшілікке танымал композициялар орындалды. «Сені сүйем», «Аңсайды жаным», «Жүрек үні», «Сүйікті етші», «Ақ құсым», «Сүйіктіме» және де тағыда басқа сезімге толы туындылар добыраның шегінен төгіліп, саксофон үнімен үйлесімін тапты.

СНХ: ТАТЬЯНА КИРЯНОВА, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ МАМАНЫ, КОНЦЕРТ РЕЖИССЕРЫ:  Біз бүгін тыңдармандарымызды ерекше романтикалық концерттік бағдарламамызды тамашалауға шақырдық. Біздің мақсатымыз қазіргі заманауи қазақ әндерін халық арасында кеңінен насихаттау, дамыту болып табылады. Қазақ сазгерлері қазақ әуендерін өте жақсы жазып келеді. Біздің кәсіби музыканттарымыз заманауи ән композицияларын орындау шеберліктерімен барлық әлемді баурап алды деп айтсам, қателеспеймін. Бізге шетелдіктер жиі хабарласып, біздің әуендерді тыңдайтындықтарын айтып тұрады.

РКС: Аталмыш концертке жастардан бастап, орта  және жоғары буын өкілдері қатысты. Кәсіби музыканттар Дмитрий Петюль мен Саят Бабаев Көкшетау тұрғындары мен қонақтарын екі күн бойы сазды әуендерімен қуантпақ.

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ