ДК: Ақмола облысында киік саны артып келеді. Соңғы санақ бойынша аймақта 10 мыңнан астам киік тіркелген. Көктемнің шұғылалы мезгілі киіктердің төлдейтін уақыты. Сондықтан дәл осы кезде құралай көзді жануарларды күзету күшейтіледі. Осыған орай облыста жыл сайын «киік» акциясы ұйымдастырылады.

РКС: Атбасар, Жақсы, Егіндікөл мен Қорғалжын. Дәл осы аудандарда киіктерді көптеп кездестіруге болады. Тіпті Егіндікөлдің кең алқабы киіктердің «перзентханасына» айналған. Себебі дәл осы аймақта ақбөкендердің төлдейтін арнайы орны бар,-дейді сала мамандары.

СНХ: АРМАН ТҰРЫМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Акция аясында біз киік көп жүретін аумақтарды күзетеміз. Мәселен, Егіндікөл ауданында киіктердің төлдейтін арнайы жері бар. Сондықтан негізгі күшті осы жерге жұмылдырамыз. Яғни, киіктердің төлдейтін уақытын ерекше бақылауға аламыз.  

РКС: Жалпы соңғы санақ бойынша Қазақстанда 842 мың киік тіркелген. Соның 285 мыңы Солтүстік Қазақстан өңіріндегі 4 облысты мекендейтін көрінеді. Ал, сол дала жануарларын браконьерден сақтап қалу маңызды іс. Бір қуантарлығы соңғы 2-3 жылда киік атып, мүйізін пайдаға жарату дерегі  тіркелмеген.

СНХ: ШЫНДОС ОМАРОВ, ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Киіктерді қорғау бойынша заң күшіне енгелі қылмыс азайды. Былтыр мүлдем тіркелмеді деп айтуға болады. Заң бойынша киікті атқандар 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бізде Ақмола облысында 2 трек-пункт қарастырылған. Ол жерде 15 күннен 6 адам киіктерді қорғайды.

РКС: Айталық,  «киік» акциясы бір ай көлемінде жалғасады. Аталмыш шара жылына 2 рет ұйымдастырылады. Жыл соңында болатын акцияда киіктердің жалпы саны есептеліп, қысқы қорығы дайындалады.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»