ДК: Бүгін «Аманат» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында тұрғын үй мәселесі, жолдарды жөндеу және салу, сондай-ақ жер даулары тыңдалды. Ермек Маржықпаев өңір тұрғындарының өтініштерін тыңдап, әр мәселе бойынша өз пікірін білдірді.
РКС: Ақиз Қапарова 6 бала тәрбиелеп өсірді. Оның ұлы Еркебұлан Қапаров 2009 жылдан бастап тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұр. Ер адам инфаркттан зардап шеккен. Қазіргі уақытта жұмыс істемейді. Бүгінгі күні кезек нөмірі бойынша 377-ші орында.
СНХ: АҚИЗ ҚАПАРОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН: Біздің үй өртенді, өртенген үйлердің 5-ші тұрғынына тұрғын үй берілді. Ал менің ұлыма берілген жоқ. Мен де, ұлым да емделуден шаршадық. Өрттен бері 15 жыл өтті.
РКС: Өңір басшысы Еркебұлан Қапаровқа мүгедектікті ресімдеудің маңыздылығын атап өтті. Целиноград ауданы Қараөткел ауылын асфальттау және сумен жабдықтау жобаларын қаржыландыруға қатысты проблема да айтылды.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Нұр-сұлтан қаласы бойынша 20 млрд. мәлімдеді, оның ішінде біз 12 млрд.сұрадық, министрлік 11 млрдын қолдады, ал Қаржы министрлігі 8 млрд нақтылауды сәуір айында береді. Қазір біз бұл жұмысты үлкен жүргізудеміз.
РКС: 2019-2022 жылдары Қараөткел ауылдық округінің көше-жол желісін салуға және жөндеуге 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, 40 шақырымға жуық жол жөнделді.
РКС: Наурыз мейрамы қарсаңында өңір басшысы қарттарға арналған «Үміт – Шаңырақ» пансионатына барып, мерекемен құттықтады.
ИНТЕРШУМ: песня
СНХ: СӘЛИМА ӘЛИЕВА, ТЫЛ АРДАГЕРІ ///қазақша//
ИНТЕРШУМ: поздравление
ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ