ДИКТОР: Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам. Көкшетауда осындай атаумен робототехникадан сайыс өтті. Әл-Фараби атындағы IT лицейінің қабырғасында  өткен білімділер байқауына  барлық ауданнан және елордадан келген оқушылар қатысты.

РКС: Лабиринт, кегельринг, сумо, «SMART CITY» және Кегельринг – квадро. Бұл зияткерлік байқаудың 5 номинациясы. Облыстық байқауға барлығы 69 команда қатысты.

СНХ: БАҒДАТ ҚАДЫРОВ, БІЛІМ БЕРУДЕГІ АЙМАҚТЫҚ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазір жаңа мамандықтар пайда болуда. Онда балалардың креативті, сыни ойлау, коммуникация, командада жұмыс істей білу сияқты бағыттар бойынша дағдыларын дамыту қажет. Біздің командалар республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып тұрады. Жақында ғана Алматыда бір сайыс өтті. Онда   Атбасар ауданының командасы жеңіске жетті.

РКС: Робототехникалық міндеттерді шешу инновацияны, шығармашылықты және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Робототехника оқу бағдарламасының бірнеше пәндерін біріктіреді. Атап айтсақ, математика, физика және компьютерлік бағдарламалау.

СНХ:  ЕРНИЯЗ ЕРБАТЫР, ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ІТ ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Бұл байқауға біз зияткерлік сумо санаты бойынша қатысамыз. Бізде басқа роботтың, яғни қарсыластың қашықтығын көретін ультрадыбыстық және түс сенсорлары  бар. Біздің команда 2019 жылдан бастап түрлі сайыстарға қатысады. Біз жеңеміз деп ойлаймын. 3 жыл қатарынан осы іспен айналысып келемін. Жеткілікті тәжірбием бар.

ИНТЕРШУМ: робот в работе

РКС: Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен, «Кегельринг», «SMART CITY» және «Кегельринг-КВАДРО» номинацияларындағы кубок және медальдармен «Болашақ Сарайының» командалары марапатталды. «Зияткерлік сумо»  бағытында - Көкшетау қаласының техникалық шығармашылық орталығының «Digital Generation» оқушылары олжалы болды. Ал «Лабиринт» номинациясында Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері үздік атанды.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЗАРИНА ЖҮНІСБЕКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ