ДК:Көкшетаудахалқымыздың музыкалық мәдениетіне теңдессіз үлес қосқан композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған «Ән аға – Шәмші аға» облыстық фестивалі өтті. Кеште ән өнері майталманының «Қайықта», «Арыс жағасында», «Бәрінен де сен сұлу» әндері орындалды.
ИНТЕРШУМ: «СОЛ БІР КЕЗ ЕСІМДЕ» ӘНІ
РКС: Шәмші әндеріне әбден шөліркеген Көкше жұрты үшінбүгінгі кештің орны тіпті ерекше. Өйткені, Шәмші Қалдаяқовтың әндері жанға сая, көңілге медеу.
СНХ: САБИРА ЕСҚАҚОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Шәмшінің өлеңдерін өзім сүйіп тыңдаймын. 75 жастан ассам да.Өлеңдерінің бәрі ұнайды. Оның ішінде Ақбота Керімбекованы да жақсы көремін. +++скл+++ 01:25 Қайықта, Арыс жағасында, Бәрінен де сен сұлу деген әндері кереме қой.
СНХ: КҮЛИЗА ӘПЕНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қазақтың өнері, дәстүрі деген тамаша ғой. Мұнда бүгін осы Шәмші ағамыздың әндерін орындайды деген соң келіп отырмын. Ол кісінің әндерін тыңдаймын. Жақсы көремін. Оны жақсы көрмейтін адам да жоқ деп ойлаймын. Әсіресе «Сыр сұлу», «Арыс жағасында» әндеріұнайды.Кішкентайымызда соы әндерді тыңдап нәр алып өскен адамдармыз ғой.
РКС:Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың әндерін бүгінгі өнер қайраткерлері де ел арасында кеңінен насихаттап жүр.
СНХ: АҚБОТА КЕРІМБЕКОВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ӘНШІ : Біріншіден Көкше еліне армысыздар дегім келеді. Көптен бері бұл елге келмедік. Жылдың басы.Өнер адамдарына мүмкіндік беріліп, қайта концерттерге келіп жатырмыз. Екіншіден Ақмола облысы әкімдігінің және облыстық халық шығармашылығы ортлағының ұйымдастыруымен осы фестивальға шақыртуымен келдім. Әрине әнді дәріптеу, өскелең ұрпаққа жалғастыру әрбір өнер адамының міндеті деп ойлаймын.
РКС:Шәмші әндері бұлақтан аққан судай тап-таза сыңғырымен, лирикалық саздылығымен ерекшеленеді. Халықтық қайнармен қабысып, ұлттық нақышпен құнарланған Шәмші әндері қазақ жұртының музыкалық мәдениетке бет бұруына арқау болды.
ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ