ДИКТОР: Ел Президенті Үкіметке утилизациялық алымды тоқтату бойынша шара қолдануды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы жуырда жасаған мәлімдемесі барысында «Оператор РОП» компаниясының қызметін тоқтату қажет деп қадап айтты. Бұл сұрақты бизнес және қоғам өкілдерімен конструктивті түрде талқылау керек,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
РКС: Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, утилизациялық алым шетелдерде сияқты толық мемлекеттің қарамағына өтеді. Сондай-ақ, отандық машина жасаушыларға көрсетілетін қолдау күшейеді.
СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Бұл республика кәсіпкерлері мен жеке тұлғалар үшін маңызды сәт. РОП операторлары жүзеге асырып келген утилизациялық алым төлемі біршама азаяды деп айтылды. Қазіргі таңда, оператор республикадағы қалдықтар бойынша уәкілетті орган. Ол экология, геология және табиғат ресурстары министрлігіне есеп береді.
РКС: Соңғы уақытта кәсіпкерлер де, жалпы қоғам да «РОП операторларының» жұмысына күмәнмен қарауда. Айта кетейік, аталмыш жеке компанияның қызметіне қарсы қоғамдық қозғалыс ұйымдастырылған.
СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Кәсіпкерлер әлеуметтік желілерге шығып, «Атамекен» палатасының атынан үндеу жазған. Олар біздегі утилизациялық алым төлемінің тым қымбат екендігін, сәйкесінше, ауылшаруашылығы және басқа да техникаларды жаңарту қиынға соғатынын айтқан болатын. Алайда, РОП түрлері барлық дамыған мемлекеттерде бар. Сондықтан, утилизациялық алымнан мүлдем бас тарта алмаймыз, тек төлем мөлшері анағұрлым азаяды.
РКС: Бұл жерде сұрақ, отандық көліктер мен ауылшаруашылығы техникасын сатып алушыларға утилизациялық алым есебінен ваучер ұсынуда болып тұр. Одан қалды, қаражатты пайдаланудың басқа да жолдары қарастырылуы тиіс.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»