ДИКТОР: Облыс әкімі Ермек Маржықпаев полиция департаментінің қызметкерлерімен кездесті. Ол ел басына төнген қиын уақытта үйлесімді жұмыс атқарғандары үшін ризашылығын білдірді. Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының әлеуетін арттырып, тәртіп сақшыларының жалақысын арттыруды тапсырған болатын.

РКС: Полиция подполковнигі Жанат Шәріпов 2006 жылдан бері қызметте. Өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысында учаскелік инспектордан бастады. 2019 жылы Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

СНХ: ЖАНАТ ШӘРІПОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бірінші кезекте, Көкшетау қаласының аумағы мен Астананың айналасына блокпосттар қойылды. Әрі қарай коменданттық сағат туралы жарлық шығарылды. Осыдан кейін барлық әкімшілік ғимараттар, маңызы бар нысандарды патрульдеу ұйымдастырылды.

РКС: Лаңкестерге тойтарыс беріп, елді қорғау кезінде күштік құрылымның 16 азаматы қаза тапты. 1300-дей полицей мен әскери қызметкер жарақат алды.Төтенше жағдай кезінде Ақмола облысында 1500-ге жуық полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қадағалады.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ,АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Өз кезегінде, облыс әкімдігі біздің полиция департаментінің өзекті мәселелердің шешілуін қарастырамыз. Біз облыстық бюджеттен автокөлік, оқ-дәрі, қорғаныс, өзін-өзі қорғау және радиобайланыс құралдарын сатып алу үшін қажетті қаражатты бөлетін боламыз. Кадрлық және техникалық әлеуетті арттыру, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын көбейту және т.б.  көп жұмыстар күтіп тұр.

РКС:  Облыстық бюджет есебінен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне ақшалай сыйлық төленетін болады. Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын департаменттің басқа да қызметкерлеріне сыйақы беру мәселесі қарастырылуда.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,АЙГЕРІМ БЕГЕНОВА,БАУЫРЖАН СМАГУЛОВ,БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ АҚПАРАТ