ДИКТОР: Көкшетауда алдағы уақытта пациенттерге арналған монитор шығаратын зауыт ашылады деп жоспарланған. Дайын өнім үлгілерінің бірімен облыс әкімі Ермек Маржықпаев танысты.
РКС: Бұл науқас мониторының үлгісі. Өндірушілер Қазақстан мен Польша. Медициналық қондырғы 16 функция орындап, 3 тілде қызмет көрсетеді. Бір аппараттың құны, шамамен, 3,5 миллион теңге.
СНХ: ӘЛІБЕК ЕСМАҒАМБЕТОВ, «B2U» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі таңда біз Алматыда жұмыс істейміз. Екі өндіріс алаңы бар. Компаниямыздың штатында 200ден астам маман қызмет етеді. Біз медициналық газбен жабдықтау жүйесінен бастап, ота жасауға арналған үстелдерге дейін 30дан астам номенклатуралар жасаймыз. Сондай-ақ, Қазақстанға арналған жаңа өнім шығаруды меңгеруді көздеп отырмыз. Ол науқастың өмірлік маңызды параметрлерін өлшеп, бақылау үшін қолданылатын мониторлар.
РКС: Зауытты іске қосу үшін 500 шаршы метр жер телімі немесе жалға берілетін дайын ғимарат қажет. Компания директорының айтуынша, кәсіпорын қоршаған ортаны ластамайды, өйткені бұл таза өндіріс.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қазір сұрақ дайын нысан тұрғысында болып тұр. Өндіріске оңтайландырып алатын қоймаларды қарастыруға болады. Бизнес өкілдерімен сөйлесеміз. 1 апта 10 күн ішінде сіздерге жауап береміз деген ойдамын.
РКС: Айта кеткен жөн, жаңа зауыт жылына 700 монитор шығарады деп жоспарланған. Сонымен қатар, кәсіпорын іске қосылғаннан кейін Польша елінің өкілдері мамандарға сервистік қызмет көрсетудің қыр-сырын үйретеді. Бұл дегеніміз, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септеседі. Ал, болашақта шығарылатын медициналық қондырғылардың қатары көбеетін болады.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЗАРИНА ЖҮНІСБЕКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»