ДК: Көкшетау тағы бір сәулетті жаңа нысанмен толықты. Православиелік  христиандардың жаңа шіркеуі бой көтерді. Оның салтанатты ашылуына облыс әкімі Ермек Маржықпаев, Қазақстанның  митрополиті Александр, сонымен қатар облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары қатысты.

РКС: Ғибадат орнының  құрылысы 2015 жылы басталған. Собор XIX ғасырдың ортасындағы орыс шіркеуінің негізінде салынған. Ол үшін заманауи технологиялар мен жоғары сапалы материалдар пайдаланылды. Ғибадатхананың жанында жексенбілік мектеп те ашылады.

РКС: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Соңғы жылдары Щучинск қаласында католик шіркеуін салдық. Сандықтау ауданының Максимовка ауылында православиелік шіркеу бой көтерді. Қыркүйек айының басында біз Целиноград облысының Родина ауылында болып, керемет мешіт құрылысының іргетасын қаладық. Жоба 100 орынға есептелген. Есіл, Державинск, Макинск қалаларында, Шортанды кентінде және Шантөбеде храмдардың құрылысы жүріп жатыр.

РКС: Бұл ғибадат орны  көпшіліктің қолдауымен салынған.  Ол үшін арнайы қор құрылып, оған  түрлі кәсіпорындар мен  ұйымдар, кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар қаржылай қолдау көрсетті. Бірлескен күш -жігердің арқасында 1 миллиард теңгеден астам қаржы жиналған.

СНХ: АЛЕКСАНДР, АСТАНАНЫҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МИТРОПОЛИТ: Бұл шіркеуге енді жергілікті тұрғындар мен қоса қала қонақтары да келеді. Жақсылыққа үміттену, адамгершілік  қағидаттарын ұстана отырып, осы нысанның ашылуы бәріміз үшін де құнды болмақ.

РКС: Облыста рухани құндылықтарды дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Бүгінде өңірде 82 мешіт, 28 православиелік және 11 католиктік шіркеу жұмыс істейді.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, КӨКШЕ АҚПАРАТ