ДК: Халықтар достығы – басты құндылық. Степногорск қаласына  Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Селим Хазбиевич келді. Дипломат этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті. Мақсат – екі ел арасындағы қарым – қатынасты нығайту.

ЖКС: ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Қазақстан аумағы саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың лагеріне айналды. Сол 30-шы жылдардың соңында қазақ жеріне неміс, кәріс және поляк халықтары жер аударды. Биыл – поляктардың Қазақстанға депортацияланғанына 85 жыл. Осыған орай елші қаладағы поляк өкілілдеріне медальдар табыстап, гуманитарлық көмегін тапсырды. Сондай-ақ, мәртебелі мейман келешекте екі ел арасында мәдени байланысты нығайту керек екендігін алға тартты.

СНХ: СЕЛИМ ХАЗБИЕВИЧ, ПОЛЬШАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ: Бұл менің Степногорск қаласына алғашқы сапарым. Бұрын картада жоқ, жабық қала болатын. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл. Мемлекет осы уақыт ішінде алпауыт елдермен иық теңестіре алатын дәрежеге жетті. Мұнда ұлттар достасытығы мен өзге ұлт өкілдерінің бірлігі бірінші орында. Сондықтан да Қазақстанның ішкі саясатындағы достықтың озық үлгісі Орталық Азия үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де үлгі.

ЖКС: Степногорск қаласы «Достық үйі» жанында 9 этно – мәдени бірлестік құрылған. Оның бірі – «Полония» поляктар қауымдастығы. Жалпы қалада 200-ге тарта поляк тұрады. Айта кетейік, Селим Хазбиевич сапар барысында жергілікті билік өкілдерімен де кездесіп, қала әкімімен ынтымақтастық жолындағы жоспарларын талқылады.

СНХ: ЕРКЕБҰЛАН БАЯХМЕТОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біздің республикамыз дамып келеді. Екі ел арасындағы бірлік осылай нығая береді дегенге сенімдіміз. Степногорск өндірістік қала. Сондықтан бірлесіп жаңа жобалар бастап, жаңа кәсіпорындар мен бизнес ашуға дайынбыз. Мақсатымыз ортақ. Сондықтан қарым – қатынасымызды бекітіп, бірлесіп істеген жұмысымыз жемісті болады деп ойлаймыз. Біз әрқашан ынтымақтастыққа дайынбыз.

ЖКС: Елші кездесуі «Полония» поляктар бірлестігі ұсынған шағын концерттік бағдарламаға ұласты. 

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, ДАСТАН БОЛАТОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»