ДИКТОР: Қорғалжында ұлттық спорттың 4 түрінен аудандық жарыс өтті. Тәуелсіздіктің 30, Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орайластырылған «Qazaq ulttiq oyindari»  жарысының басты мақсаты - жастар арасында ұлттық спортты насихаттау.

РКС: Жергілікті тұрғындар «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Арқан тартыс», «Қазақша күрес» бойынша сынға түсті. Ауданның бірнеше ауылынан 5 команда сайысқа қатысты.

СНХ: ДАРЫН САБЫРҒАЛИ, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Құрметті спортшылар, ауданымыздың спорт саласындағы жетістіктеріңіз бен табыстарыңыз арта берсін! Дендеріңізге саулық тілеймін. Бағындыратын биіктеріңіз көп болсын! Жеңісті күнде әрқашан кездесіп отырайық! Сіздер қазақ елінің алла бұйыртса болашағысыздар! Сіздерге әрқашан да өмірлеріңізде жеңісті күндер көп болсын!     

 РКС: Жарыс қорытындысы бойынша қазақ күресінен 25 келі салмақта Қайсар  Зейнұлқабиден, 29 келіде  Жалғас Айдарбеков, 32 келіде Альтаир Рамазан бірінші орын иеленді. 35 келіде бас жүлдені Мейрамбек Егінбаев еншілесе, 42 келіде Мақсат Ақан үздік атанды. 46-75 келіге дейінгі жоғары салмақта Шахнұр Оралбеков, Дамир Талғатбеков, Саят Смағұл, Мейрамбек Назымбековтер фаворит атанды. Ал қыздар арасында тоғызқұмалақтан Сайран Бейсенбаева, ерлер арасында Мейіржан Сәметов топ жарды. Арқан тартысқан  5 команданың ішінде Қызылсай ауылы тұрғындарының күші басым болып шықты. Асық атуда ұтқырлық пен ептілік танытқан Айя Смағұлова мен Әділхан Сағындықов бірінші орын иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ АҚПАРАТ