ДК: Степногорск қаласындағы Бөгенбай батыр атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжде 184 оқушы білім алып, спортпен тұрақты айналысуда. Жаңа оқу жылы басталғалы білім ошағында бірнеше мәдени-көпшілік шаралар өткізілді. Соның бірі, тіл апталығына арналды.
РКС: Мектеп-интернат-колледждің 12 сыныбының барлығы да санитарлық талаптарға сай жабдықталған. Спорт пен білімді қатар алып жатқан өрендердің болашаққа деген сенімдері зор. Әсіресе, үлкен спорттан үміті бар ұландар қазақ тілімен қатар өзге тілдерде де меңгеруге құштар. Ол «Тіл апталығына» арналған мерекеде айқын сезілді.
РКС: Бөгенбай батыр атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған интернат-колледжінің директоры Тұрсынбай Тоққожинов шәкірттердің жиі шетелдегі жарыстарға шығып тұруына байланысты әр ұлттың тілін меңгеруге мейлінше көңіл бөліп, осы тұрғыда жүйелі жұмыстар жүргілетіндігін айтты. Болашақ спорт жұлдыздарының өз тілін құрметтеп, өзге тілді білуге деген құлшынысы қуантады.