ДК: Тәуелсіздік жылдары пайдалануға берілген мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің бірі – Атбасар қаласындағы «Еркежан» бөбекжайы. Мекеме 150 орынға шақталып салынған. Заманауи технологиялармен жабдықталған бақшаның тынысы туралы келесі бейнематериалда.
ЖКС: Балабақшада тәрбиеленушілерді жан – жақты дамыту үшін топтарда «Белсенділік орталығы» жұмыс істейді. Онда түрлі ойын материалдары мен білім беру бағдарламасы қолданылады. Мамандар қолдың ұсақ моторикасын, ойлау қабілеттерін дамыту үшін сенсорлық – әдістемелік қосымшаларды пайдаланады. Мұнда қазір 24 педагог еңбек етеді. Екі тілді 6 топ жұмыс істейді.
СНХ: ЖАНАРГҮЛ ТОЛҒАМБАЕВА, «ЕРКЕЖАН» БӨБЕКЖАЙЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 2019 жылдан бастап біз «Роботтар әлемі» инновациялық пилоттық жобасының аясында жұмыс істеп келеміз. Бұл жаңашылдықтың нәтижесінде осы жылы біздің тәрбиешілер халықаралық турнирге қатысты. «РобоЛэнд» инновациялық жобасының көздегені балаларды жастайынан техникалық шығармашылыққа тарту болып табылады. Біз балалардың денсаулығын бірінші орынға қоямыз. Сондықтан пандемияны ескере отырып, барлық ұжым коронавирусқа қарсы екпе алды.
ЖКС: «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында балабақшаның педагогикалық ұжымы заманауи элементтерді қолданады. Сабақта балалар STEAM заманауи технологиясының негізінде «Lego soft», «Lego Education» конструкторларын жинайды. Бұл үшін мұнда «Лего-құрастыру» және «Робототехника» кабинеті жұмыс істейді.
СНХ: ӘСЕМГҮЛ СЕРІКПАЕВА, ӘДІСКЕР: Еркежан бөбекжайының жобалық қуаттылығы 150 балаға есептелген. Оның ішінде үш топ мемлекеттік тілде. Педагогикалық ұжым үлгілі оқыту бағдарламасын және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асырады.
ЖКС: Бөбекжайда арқан паркі бар. Мұнда балалар ептіліктерін шыңдайды. Түрлі ойындар ұйымдастырылып, өзара бақ сынасады. Сондай-ақ, тәрбиеленушілерге арналып «Этноауыл» ұлттық мәдени бұрышы да жасақталған. Өткенге көз жүгіртіп, қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы мен мәдениетіне қанық болады. Түрлі спорт жарыстары мен концерттік бағдарламалар да осы жерде өтеді.
ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, МИХАЙЛ КОРОТИН, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»