ДК: Өңірде екпе алу науқаны қарқынды жүріп жатыр. Сандықтау ауданында 6 мыңнан астам тұрғын вакцина алды. Бұл ауданның вакцина алуға жарамды халқының 50 проценті. 

РКС: Қауіпті індет басталғалы бері Сандықтау ауданының 800-ге жуық азаматы инфекцияға шалдықты. Өкінішке орай, салдарынан 16 адам қайтыс болған.

СНХ: АЙГҮЛ ОРАЗАЛИНОВА, САНДЫҚТАУ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕР: Бүгінде  Сандықтау ауданының 11 тұрғыны стационарлық ем алуда. Ал 19-ы амбулаториялық емдеуден өтіп жатыр. Оларға және байланыста болған адамдарға қызмет көрсету үшін мобильді бригадалар құрылды. 1 ақпаннан бастап екпе егу науқаны да қарқынды жүргізіліп жатыр. Вакциналармен де жеткілікті мөлшерде қамтылдық.

РКС: Сандықтау ауданында вакцинацияның толық курсын шамамен 3 мыңнан астам тұрғын қабылдады. Екпенің кері әсері мен шағымдану дерегі тіркелмеген.

СНХ: ЮРИЙ ШЕЛЕГА, САНДЫҚТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Барша Қазақстандықтарды вакцина алуға шақырамын. Салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтейік.  

РКС: Ауданда вакциналарды сақтау үшін барлық жағдай жасалған. Айта кету керек, қоғамдық иммунитет қалыптастыру үшін елдің 60 проценті екпе алуы шарт.  

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, АЛМАС СӘДУАҚАС, КӨКШЕ АҚПАРАТ