ДК: Журналистердің мейрамы қарсаңында қала әкімі Бауыржан Ғайса жергілікті тілшілерге құрмет көрсетті. Яғни, шағын шаһардың тыныс-тіршілігін дәріптеп, насихаттауда елеулі еңбек еткен тілшілер марапатталды. Салтанатты шара барысында оларға қала әкімінің алғыс хаты мен кәде сыйлығы табысталды.
РКС: Марапатқа ие болғандардың бірі – Дамир Берікұлы. Білікті маман осы салада 10 жылға жуық тер төгіп келеді. Қазіргі таңда «Хабар 24» телеарнасының Ақмола облысындағы меншікті тілшісі. Ал, жігерлі журналист өзінің еңбек жолын шаһарадағы осы қара шаңырақтан бастағанын айтады.
СНХ: ДАМИР ШАЙДАРОВ, «ХАБАР 24» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ//// қаз/// Журналистика саласы дегенде біздің облыстың географиясын айтпай кету мүмкін емес. Өйткені біз елордаға жақынбыз. Бізде жастар көп тұрақтамайды. Әйтпесе бізде бұрынғы Қазақстан-Көкшетау, қазіргі «Көкше» телеарнасы деген үлкен мектеп бар. Барлығымыз сол мектептен өттік. Қазірде көп жастар өтіп жатыр. Астанада істеп жүрген көптеген мықтыны осы арна түлетті.
РКС: Иә, жаңалықтың жаршысы болған облыстық телеарна көптеген жас журналистердің жұлдызын жағып, бағыт-бағдар беріп келеді. Салтанатты шарада ұжымның елеулі еңбегі ескеріліп, бірнеше тілші марапатқа ие болды.
СНХ: АЙГҮЛ МЫРЗАҚҰЛОВА, «KOKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ///қазақша// Ақпарат майданында қатарласа, иықтаса бірге шайқасып жүрген жауынгер әріптестерімді бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Қаламымыздан қасиет кетпесін, шабытымыздың ұшына құс жетпесін. Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып жүре берейік.
СНХ: УАҚЫТ БЕЙСЕМБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ//қазақша//// Бұл мереке осы салада қызмет ететіндердің еңбегін атап өтуге тамаша мүмкіндік. Бір ғасырдан уақыт бұрын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов баспасөздің рөлін «газет халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» деп сипаттады. Бұл сөз бүгінде тек баспасөзде ғана емес, қазіргі таңдағы ақпарат саласынада қатысты.
РКС: Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАРХАН САҒЫН, ФАРХАТ ЕСМАҒАНБЕТОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»