ДК: Тәуелсіздік жылдарында облыс бойынша 539 мектепке дейінгі мекеме бой көтерді. Оның 186-сы балабақша болса, 353-ші шағын орталық. Осындай мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің бірі – «Нұр Бала» балабақшасы. Бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындатып келе жатқан бөбекжайдың  тынысы тілші бейнематериалында. 

ЖКС: «Нұр Бала» балабақшасы 2019 жылы ашылған. 280 орынға шақталып салынған. 12 топ бар. Бүлдіршіндер екі тілде тәрбиеленеді. Сондай-ақ, дамуында күрделі ауытқуы бар балалар үшін арнайы топ та жұмыс істейді. Бөбекжайда робототехника үйірмесі жасақталған. Балғындар құлтемір қалыптастырудың негіздерін осы бастан меңгеріп жүр. Тәрбиешілердің айтуынша, бұл болашақта мектептегі робототехника пәнін еркін меңгеруге үлкен мүмкіндік. Аталмыш қосымшада «STEAM» білім беру жүйесі қолданылады. Бұл ғылым, технология, инженерия және математика пәндерінің қосындысы.

СНХ: АЛДАНЫШ АЙЖАРЫҚОВА, «НҰР БАЛА» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: (қазақша)//Балабақшамызда балабақшамен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультативтік пункт бар. Онда ата-аналар әдістемелік кеңестер алады. Жеке мамандардан. Біздің басты бағытымыз – интеллектуалды, шығармашыл бағытта жұмыс жасау. Арт - студия кабинеттері жұмыс істейді.

 ЖКС: Балабақша заман талабына сай жабдықталған. Оның өзге балабақшалардан ерекшелігі, баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған «Құм терапиясының» кеңінен қолданылуы. Бұл саусақ моторикасын да дамытады. Осылайша, құмға сурет салу арқылы іштегі құпияларын жеткізе алады. Сонымен қоса, бұнда лого-пункт жұмыс істейді. Бұл жерде бақшадағы балалармен қоса сырттан келген бүлдіршіндер де мамандандырылған көмек ала алады.

СНХ: СӘУЛЕ ТАЙЖАНОВА, ЛОГОПЕД МАМАН: (қазақша)//Оқу жылына арналған арнайы перспективтік жоспар жасалынады. Сол жоспарға сәйкес, әр баланың мүмкіндігіне байланысты, қай жағынан жұмыс жасау керектігін қарастыра отырып, жеке жоспар жасаймыз. Логопункке 25-26 бала келеді. Солармен жыл бойы жұмыс жасаймыз. Кезек бойынша қабылдаймыз балаларды. Тәрбиеші, ата-аналрмен жұмыла жұмыс атқарамыз.

ЖКС: Тәрбиешілер құрамы да білікті жас мамандардан жасақталған. Олар осы жылы «Үздік педагог», «Үздік авторлық бағдарлама»  байқауларында топ жарған. Шығармашыл мамандардан тәрбие алған балғындар түрлі байқауларда жүлделі орындардан көрінуде.

 ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ,  «КӨКШЕ АҚПАРАТ»