ДК: Биыл облыс экономикасына 102 млрд. теңге инвестиция тартылған. Ақмола облысы аграрлық экономикадан өнеркәсіптік бағытқа бет бұрды. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекшісі Ербол Оспанов осылай мәлімдеді. Сала басшысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында тілшілер сауалына жауап берді.
РКС: Өндіріс саласы облыс экономикасының 30 процентін құрайды. Өңірде 1226 өнеркәсіп нысаны болса, оның 80 проценттен астамы өңдеу өнеркәсібі. Облыста Қазақстан нарығындағы керамикалық кірпіштің 14%-і, жүк көліктерінің 11%-і, комбайнның 55%-і, алтынның 30%-і өндіріледі.
СНХ: ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ///00/40 Производство товарной продукции за последние 10 лет возросло более чем в 5 раз. По итогам 2020 года объем промышленного производства достиг 1 трлн.тенге. За январь-апрель 2021 года – 332,8 млрд.тенге, прирост 108,1%. Доля обрабатывающей промышленности региона одна из самых высоких в стране 4 место в РК. Соңғы 10 жылда өңірдегі тауар өндірісі 5 есе артты. 2020 жыл қорытындысы бойынша өндірістік өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 трлн. теңгеге жетті. 2021 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында обыс аумағында 332,8 млрд. теңгенің тауары өндірілді. Бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 8 процентке артық. Өңірдің өңдеу өнеркәсібі республика аймақтары арасында 4-ші орынға ие.
РКС: Өткен 4 айда өңірге 102 млрд. теңге инвестиция тартылған. Оның 38,6 млрд. теңгесі өндіріс саласының негізгі капиталына салынған қаржы. Биыл 112 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған. Жуық арада жалпы құны 530 млрд. теңгені құрайтын 48 жобаны жүзеге асыру тетіктері қарастырылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысы әлемнің 26 еліне тауар экспорттап отыр. Сырттан келетін импортты отандық өніммен алмастыру мақсатында жалпы құны 370 млрд. теңгенің 49 жобасы анықталған.
СНХ: СНХ: ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ///00/01 На сегодня в области сформирован пул 49 проектов по развитию импортозамещения, в их числе планируемые к запуску в текущем году: 3-ья очередь бройлерной птицефабрики мощностью 50 тысяч тонн ТОО «Макинская птицефабрика», что позволит обеспечить до 15% потребности внутреннего рынка Казахстана в мясе птицы и снизить импорт (с 50%) до 30%. В перспективе драйверами роста обработанного экспорта станет запуск новых экспорториентированных производств. Облыста импортты алмастыру бағыты бойынша 49 кәсіпорынға басымдық берілген. Олардың қатарында «Макинск құс фабрикасының» үшінші кезеңін іске асыру жоспары да бар. Нысан қуатын 50 мың тонна құс етіне арттырып, ішкі нарыққа қосымша 15 процент отандық өнім ұсынады. Осы және өзге де құс етін өндіруші нывсандардың көмегімен Қазақстанға әкелінетін импорт көлемін 50-ден 30 процентке дейін қысқарту жоспарланған. Алдағы уақытта, осы тәрізді нысандар экспортқа бейімделіп, экономикалық өсімге жол ашады.
РКС: Биыл іске қосылатын ірі инвестициялық нысандар қатарында жалпы құны 65 млрд. теңгені құрайтын «UnicornHoldingsLtd.» компаниясы, жылына 5 тонна бекіре уылдырығын өндіретін «AquaFactoria» және 500 тонна бақтақ өндіретін «TAGA Group» балық шаруашылықтары бар. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекшісі Ербол Оспанов индустриалдық даму бағытындағы жаңа жобаларға әрдайым қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.
АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».