ДК: «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жаңадан құрылған қоғамдық кеңеске түрлі салада көшбасшылығымен танылған ақмолалық 14 жас мүше. Қоғамдық кеңес күн тәртібінде «Дипломмен ауылға» және «Серпін» бағдарламаларының өңірде орындалу барысын талқылап, оның тиімділігін сынға алды.
РКС: «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастарға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы, 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде баспанаға бюджеттік несие берілуі керек еді. Ауылға баруға қызығушылықты арттыру үшін келісім-шарт мерзімін 5 жылдан үш жылға қысқартқан. Жастардың ауылдан кетуіне басты себеп, уәде етілген қаржының уақытылы төленбеуі, тиісті тұрмыс жағдайының болмауы.
СНХ: ФАРИЗА БАЙМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///АУДАРМА/// 03/43 Алайда, бағдарлама аясында материалдық қолдау көрсетілсе де, ауылға барған 940 маман келісім-шартты бұзған. Олар мемлекетке 415 млн. теңге қайтаруы тиіс. Келісім-шартты бұзу дерегі Аршалы, Қорғалжын, Зеренді аудандарында жиі орын алып отыр. 850 жас маман қазынаға 341 млн теңгені қайтарса, 90 маман мемлекетке 74 млн. теңге қарыз.
РКС: Қазірдің өзінде облыста 1100-ден астам маман «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы аясында қаржылай қолдауға кезекте тұр. Оның басым бөлігі, яғни 814 маман Целиноград ауданына барған. Қаржы мамандары өңірде бюджет тапшылығы жоқ екенін айтады. Демек, жергілікті әкімдіктер ауылға келген маманға қолдау көрсетуге асықпай отыр, - деді жиынға қатысушылар. Облыста 7 мыңнан астам жоғары білімді жас маман ауылға барған. Оның 75 проценті ұстаздар. Жиында «Серпін» бағдарламасының тиімділігі де қызу талқыланды.
СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///АУДАРМА///00/18 «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» - «Серпін 2050» бағдарламасы 2018 жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасына кіріктірілді. Оның мақсаты жұмыс күші көп өңірлерден, солтүстікке маман тарту. Біз бұл бағдарламаны 2014 жылдан бері жүзеге асырып келеміз. Арадағы, 4 жыл бойы бағдарламаның нақты заңнамалық мәртебесі болмады. Алайда, қаржы республикалық қазынадан бөлініп келді.
РКС: Қазір колледждерде маман әзірлеуді жергілікті бюджет қаржыландырады. Алайда, оңтүстіктен білім алуға келген түлектер облыс аумағында тұрақтамаған. Айталық, осы жылдар ішінде 527 маман кәсіби білім алса, оның 179-ы ғана Ақмола облысында еңбек етіп жатыр. Заңнамаға сәйкес кәсіби орта білім алушы жастарды қандай да бір келісім-шарт аясында міндеттеуге рұқсат жоқ. Бұл талап тек университет түлектеріне ғана таралады.
АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».